Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогында алтын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өткен Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, финалда Италия спортшысы Сирин Чараабимен кездесті деп хабарлайды Altyn-Orda.kz
Шешуші жекпе-жек тартысты өтті. Дегенмен Назым тәжірибесі мен шеберлігін көрсетіп, қарсыласынан басым түсті. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Бұл жеңіс Қазақстан әйелдер боксы үшін маңызды жетістік болды. Назым Қызайбай ұзақ жылдан бері ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналады. Ол халықаралық жарыстарда бірнеше рет ел абыройын қорғап, қазақ боксының деңгейін дәлелдеп келеді.
Қытайдағы жеңіс оның әлі де жоғары формада екенін көрсетті. Әлемдік бәсеке күшейген кезде мұндай алтын медаль Қазақстан спорты үшін ерекше қуантатын жағдай .
Назым Қызайбайдың бұл табысы жас спортшыларға да үлкен жігер береді. Ол қажырлы еңбек, тәртіп пен сенім болса, әлемдік рингте биік нәтижеге жетуге болатынын тағы бір дәлелдеді.
Толығырақ: Altyn-Orda.kz
Данияр Елеусінов: «Бұл жағдайға қатты өкінемін»
30.07.2026, 12:09Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты
28.07.2026, 16:15Дастан Сәтпаев «Челсиде» өзінің ойыншы нөмірін алды
25.07.2026, 11:17
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда 450 мың оқушыға 50 851 теңгеден беріледі
31.07.2026, 10:42 -
Балқашта 750 миллиард теңгеге жаңа мыс зауыты салынады
30.07.2026, 12:41 -
Данияр Елеусінов: «Бұл жағдайға қатты өкінемін»
30.07.2026, 12:09
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










