Даулет Мұқаев Арман Шораевқа арнап жазба қалтырыпты

Аға деп сыйлаймын, бірақ науқан барысында 100-ден аса кездесу өткізіп, 10000-ға жуық адаммен тікелей кездесіп, адал жеңіп алған жеңісімді ешкімге бермеймін!
Сайлау жайлы бір сөз… Кешегі күні 130 сенімді өкілім сайлау учаскелерінде бүгін таңға дейін отырды. Арман мырзаның өкілдері шамамен учаскелердің 3/1-де қамти алған жоқ. Яғни ары кетсе 40 адам болар. Учаскеге барған әр сенімді өкіліне қомақты ақша төлеп отырды (менің жақтастарым тегін барды), ол туралы сол адамдар келіп өздері айтты, Шораев өзі жоқ штабта, бірақ 25 мың төлеп жатыр деп.
Қолға алған 7-9 протоколды 3 рет видеоға түсіріп, он неше рет мақтанып үлгерді. Менің қолымда 70-тен аса учаскенің шешімі тұр. Және солардың қорытындысы менің жеңісімді көрсетуде.
Мен өзімнің үгіт-насихат қағаздарымды өзім жүріп жабыстырдым, командаммен бірге жүрдім. Мыңдаған оқырманым қолдау білдірді.
Ал ол кісі 1 ай науқанда тек әлеуметтік желіде және Ресей мен Украин соғысының ақпарат майданында жүрді.
Астана жұртшылығына бір рет те шыққан жоқ, қала мәселесін есіне де алған емес.
Арман ағаға қарағанда қазақ тіліне шорқақ емеспін, ана тілім қазақ тілі. Орысша интервью берген емеспін. 1 ай науқанның 1 аптасын шет елде(оны да өз адамдары келіп айтты) өткізген кісіге не айтамын?!
Ағалық қамқорлық көрсетудің орнына табалап отырсыз. Жастарға жол беру керек деп айтасыздар да, расында олай болмай шықты. Сайлауға дейін айтсаңыз түсінер едім, біз бәріміз қатар тең шықтық. Тіпті, сіздің менің округімнен шығатынын білмедім де. Менің бар кінәм жеңгенім бе? Әлде сіздің атыңыз танымал болғаны үшін аяғыңызға бәрі жығылуы қажет пе? Бұл ескі Қазақстанның әрекеті ғой. Менің жанымда мыңдаған жастың үміті тұр. Соларды ақтау — мойныма жүктелген міндет.
Аға аман болыңыз!
Жеңілгенді жер көтереді! Өзіңізді әрқашан адалмын деп мақтанасыз, таза жеңілісті де мойындау керек.
Ps: Тағы бір топ өкілдеріне айтарым — менің атымды қаралап, тапсырыспен жазылған (жазып жатқан) посттарыңа рақмет. Аққа құдай жақ