АЛТЫНОРДА
Басты жаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

«Димаш байқап қалса екен». Арбатта ән айтқан балақай қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды

Кішкентай көше әртісі Арбатта Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы «Шаршаған аққулардың махаббаты» әнін орындап, жүргіншілердің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Баланың Арбаттағы өнері нағыз фурор тудырды: жас әнші күрделі композицияны дәлдікпен және эмоциямен жеткізіп, тыңдармандардың таңданысын тудырды.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым жинап, пікірлер лебізге толы болды:

  • «Димаш байқап қалса екен!»

  • «Даусы қандай керемет – нағыз талант»

  • «Қайдасыңдар, продюсерлер?»

  • «Ол Димаш сияқты – жүректен шырқайды»

  • «Мұндай күрделі әнді балақай шеберлікпен орындады!»

  • «Бақ жұлдызың жарқырай берсін, биіктерге жетелей берсін!»

 

 

Altyn-orda.kz