16–17 маусым күндері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу жоспарланған.
Көшбасшылар Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ, 17 маусым күні Астанада өңір мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтеді.

