Диплом: Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары

Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………

  1. Арнайы пәнді оқыту әдістемесі

1.1 Педагогиканың жалпы негіздері ………………………………………………….

1.2. Азаматтық қорғаныс пәнінің оқыту әдістері және формалары ………………………………………………………………………..

  1. Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары

2.1 Төтенше жағдайлардың пайда болу жолдары және оның салдары ……………………………………………………………………………………….

2.2 ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы …………………………………………………………………………………………..

2.3 «Азаматгык корғаныс туралы» ҚР Заны 07.05.1997ж. ……………..

2.4 ҚР АҚ және ТЖ саласындагы зандарынын рөлі мен манызы ……

  1. Берілген тақырыпқа байланысты сабақты өткізу әдістемесі ………………

Қорытынды ………………………………………………………………………………………………..

Әдебиеттер …………………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бір кездерде жұмбақ болған әрі жойқын зардабын тигізген көптеген кұбылыстар енді жақсы зерттеліп, адам оларға карсы күресуді үйренгенмен әлі де адамның ырқына көне қоймаған табиғат күштерінің стихиялық әрекеті мемлекетіміздің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратуда. Орман мен шым тезек өрті, жер сілкіну мен cy тасқыны, селдер мен шөккіндер, қар көшкіні, боран мен дауыл стихиялық апаттардаң келетің шығын әлі де едәуір көп болып отыр.

Кей жағдайларда біраз апаттардың пайда болуына адамдардың өздерінің де әрекеті себепкер болады. Мысалы, орман өрттері халықтың өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан болып тұрады. Eгep дер кезінде шара қолданылмаса, мұндай өрт стихиялық апатқа үшыратуы мүмкін. Қазір өрт адамзат үшін негізгі кауіптің біріне айналуда.

Өрт біздің еліміздін халық шаруашылығына да үлкен зиян келтіруде. Әсіресе, РСФСР-дың бірқатар өлкелері мен облыстарында 1972 және 1976 жылы ормандардың өртенуі жүрттың есінде.

Қәзіргі кезде, қалалар мен селоларында құрылыстар көбінесе тастан және темірбетондан салынып, сүмен, газбен, немесе электр қуатымен жылытылатын, өртке қарсы қызмет жақсы ұйымдастырылған қарамастан әлі де едәуір көп болып отыр.

Жанғыш құрылыс материалдарының жаңа түрлерінін жаппай қолданылуы, шаруашылықтың өте күрделі көлемі және техникалық процестердің автоматтандырылуы өрт қауіпсіздігі шараларын іске асыруда қиыншылық туғызады, өрт шығу ықтималдығын да күшейте түседі.

Жер сілкіну aca қауіпті және жойқын стихиялық апат болып саналады.

Сy тасқыны үлкен апат келтіреді. Көктемгі cy тасқыны мен күшті желдер қабат келген колайсыз кездерде өзен суларының деңгейі шектен тыс көтеріліп, қауіпті жағдайларға соқтыруы ықтимал. Тарихта мыңдаған жаннын басын жұткан әрі ipi материалдық шығынға душар еткен апатты cy тасқыны аз болма- ған.

Өзендер мен көлдерге бай біздін елімізде де cy тасқыны болып тұрады. Еліміздің батыс-европалық бөлігінде тасқын әдетте көктемде, ал оңтүстіктегі таулы аудандарында жазда, қар қауырт еріген кезде болады.

Kөп жағдайларда тасқынды болжауға және стихиялық апатқа ұшырамау үшін алдын ала тиісті шаралар колдануға болады. Cy тасқыны болуы ықтимал аймақтардағы елді мекендер мен халық шаруашылығы объектілерін қорғау үшін бөгеттер және плотиналар, сондай-ақ судың деңгейін реттейтін басқа да гидро- техникалық құрылыстар салынады. Алайда, әр қилы табиғи себептердің салдарынан әдеттегі өзен ағысы күрт бұзылған кезде күтпеген апатты оқиғалар болып тұрады.

Шөккіндер қауіпті стихиялык апат болып табылады. Олар кейде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын кең көлемді жерлерді бүлдіреді, жолдарды, үйлер мен ғимараттарды бұзып кетеді. Біздің елімізде шөккіндер негізінде Алатау, Тарбағатай таулы аудандарында, сондай-ақ кейбір өзендердін, биік жарларында болып тұрады.

Шөккіндерді болдырмау үшін қауіпті аймакта cy ағысын реттеу, суды ірку және осы аймақтан аулаққа жіберу, өзен жағалауларын бекіту және т. б. инженерлік-техникалық шаралар колданылады.

Қар жамылған таулы аудандарда адамға тағы бір қауіп қар көшкіні қауіпі төнеді.

Көшкіннен корғану үшін тек ipi құрылыстар ғана салып коймай, көшкіннің бетін қорғалып тұрған жерден бұрып жіберетіндей етіп жергілікті материалдардан жалдар түрғызуға болады.

Бірақ кұрылыстардын қирауы, адамдардың қазаға үшырауы, материалдық зияң тек стихиялык апаттардан ғана болып коймайды. Құрылыстарда, транспортта, өнеркәсіп орындарында және халық шаруашылығының басқа да объектілерінде болып тұратын ipi авариялар мен апаттар ауыр зардапқа душар етеді. Авариялар көбіне өндірістік технологиянын немесе техника қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан болып тұрады.

Стихиялык апаттар, өндірістегі авариялар және бүліну кезінде әрқашан адамдардын өміріне қауіп туады. Қалаларда мұндай қауіп-қатерге мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар душар болуы мүмкін. Біздің елімізде адам өмірі туралы сөз болғанда халықтың қауіпсіздігін камтамасыз ету үшін ешнәрсені аяп қалмау қажет деп есептеледі.

Қазақстанда ipi стихиялық апаттарға қарсы күреске және оның зардаптарын жоюға азаматтық қорғаныс штабтарын, бөлімдері мен жасақтарын қатыстыруға болады. Ол үшін құрамы стихиялық апаттар мен авариялардың түріне және қарқынына, іске асырылатын міндеттердің сипаты мен көлеміне, сондай-ақ жергілікті жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай белгіленетін күштер тобы құрылады.

Азаматтық қорғаныс штабтары, төтенше комиссиялар жанындағы жұмысты орындайтын орган болып саналады. Олар xaлықты және қүнды заттарды аман алып қалуды ұйымдастыру, сондай-ақ бүлінген елді мекендердегі және халық шаруашылығы объектілеріндегі түрмыс тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі негізгі жұмыстарды орындайды. Азаматтық қорғаныс штабтары болуы ықтимал стихиялық апаттар, авариялар мен бүліну кезіндегі зиянды азайтуға бағытталған профилактикалық және әзірлік шараларын жасауға әрі үйымдастыруға қатысады.

Азаматтық қорғаныс штабтары стихиялық апат қаупі туған кезде халыққа хабарландыруды және халық шаруашылығы объектілерінде пайда болған жағдайлар туралы мәлімет жинауды ұйымдастыруды қарастырады.

Азаматтық қорғаныс жасақтары азаматтық қорғаныс күштерінің неғүрлым бұкаралық бөлімі, оның кызметкерлері жай күндер өздерінің еңбек коллективтерінде күнделікті халык шаруашылығы жұмыстарынан босамайды. Сонымен қатар жасақтар арнаулы техникамен жабдықталған, сабақтар мен жаттығуларда стихиялық апаттар мен өндірісте авария болған аудандарда әрекет ету үшін қажетті арнаулы әзірліктен өтеді.

Азаматтық қорғаныс жасактары қиын да көбіне қауіпті жағдайда әрекет ете отырып, қүтқару және шүғыл авариялық қалпына келтіру, халықты әрі қүнды заттарды аман сактау жұмыстарын жүргізгенде батылдық пен батырлық көрсетеді. Азамат­тык қорғаныс жасақтарының қызметкерлер құрамы стихиялық апаттар мен олардын зардаптарын, сондай-ак өндірістегі ipi авариялар мен бүлінушіліктердің зардаптарын жою үшін куреске қатысқанда өзінің Отан алдындағы патриоттық парызын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

  • Педагогиканың жалпы негіздері

Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасың, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім – тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.

Педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.

Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу – қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту

Академиалық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

Перспективті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын білуі.

Сөйлеу қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.

Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тындауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу – тәрбие процесін дұрыс ұштастыру оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата – аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.

Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым – қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.

Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.

Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатнасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.

Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы ол жеке басының сапалық қасиеттері: өз кәсібіне жан – тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты анықтау.

Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.

Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін зерттеу, оны тарту, оқыту – тәрбиелеу жұмыстарының нәтижнсін, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтік оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.

Оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Бұл іс, біріншіден, мектеп қабырғасында оқушыларға мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; екіншіден, педагогтік оқу орындарында оқып жүрген кезінде мұғалімдік мамандыққа үйрету; үшіншіден, мұғалімдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары арқылы шешіледі.

Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатнасының түрлі мағнасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адамдармен, не оқушылармен қарым – қатынас жасғанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.

Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым – қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік мқғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін – өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен   қарым – қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады.

Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасу. Баланы оқуға машықтандыру мұғалімнің олармен ынтымақ жасауына байланысты. Ынтымақ деп отырғанымыз – мұғалім мен оқушының оқу материалын меңгеруге әрекеттерін бағыттауы, яғни, ортақ “тіл” табысу. Мұнда оқушы мғалімнің әсер ету объектісі ретінде сезінбейді, қайта өз бетінше әрекет жасайды, ізденеді. Мұны іске асыру үшін мұғалім оқушының оқу материалын шешу “қиын” екендігіне түрлі тәсілдерді пайдаланып көзін жеткізеді, басқаша айтқанда оқушыны ынтымақтасуға бейімдейді.

Ұстаздық талант. “Талант” деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде өнер тапқыш адамдарда кездеседі. Ал, “Мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?” – деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнің жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты ұстаз бола алады.

Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;  2) пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды да өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей – берекет сөйлеп, өз – өзінен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тындамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айырылады. Сондықтан, педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.

Әрине, өмірде бәрі де – ілгері басушылық, кері кетушілік, жабырқаушылық, бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсіздігі басқа түскенде педагогтық көңіл – күйі әрине өзгереді. “Ұстаз көңілсіздігі мектеп табалдырығынан аттар жерде қалуы тиіс”, — деген мақалға айналған сөздер ұстаздардың көңіл – күйінде әрқашан шаттық үстем болуын қалайды. Мұғалім кей жағдайда әртіске ұқсас. Ал нағыз әртіс өзінің көңіл – күйін жасыра алады. Тәжірибелі педагог осылай болуға тиіс. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі де осында. Балалар жайдары жүзді, шат көңілді, қуанышты болуды қалайды. Сөйтіп, балаларға білім беріп қоймай, жан – тәнімен, күш – жігерімен, мол сүіспеншілігімен, өмірге құштарлығын сарқа білген, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің көп болуын өмір талап етіп отыр. Қазіргі кезде ұстаз шеберлігі осы күнгі мұғалім қауымына танылып жүрген жаңашыл ұстаздардың шығармашылық қызметінен көрінеді.

Қазақстанда  да жаңашыл мұғалімдер күннен күнге көбеюде. Қазіргі таңда оқытудың мазмұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып – үйренудің оқу жоспарлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан – жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

Педагогика ғылымында “кәсіби құзіреттілік” түсінігі бірнеше ұғым береді:

  • еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы;
  • жеке қасиеттері мен қабілеттерінің комбинациясы;
  • білімі мен кәсіби ерекшелік жеке қасиеттерінің кешені;
  • қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі;
  • іс – әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі және т.б.

Құзіреттілік бірінші орынға оқушының ақпаратты сауаттылығын емес, оның  мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзіреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз кәсіби құзіреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интелектуалды – педагогикалық құзіреттілік ретінде қарастырамыз.

Ұстаздың коммуникативтік құзіреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоцияналдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

Біздің көзқарасымыз бойынша коммуникативтік құзіреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым – қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс – әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысу; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым – қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама – қайшылықтарды шешу – оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл – ойлары арасындағы қарама – қайшылық. Басқа қарама – қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориалық білімдер және оларды тәжрибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.

Білім, іскерлік, дағды. Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу, және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс – әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін үйренуге үйрету.

Оқушылардың білімі – оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен бағдарлама, оқулықтармен салыстырып анықтайды.

Білім – қандай да бір іс – әрекетті жасау негізі. Іс – әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады.

Білім – қоғамдық — өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілмеген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық – материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланың жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.

Әл Фараби “Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады” – деген.

          Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.

Аталған белгілер ақыл – ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.

Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс – әрекетте  қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.

Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл – ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл – ой жұмысымен айналысуға байланысты.

Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориалық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.

Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық. Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру – ақиқатты білу болмысты тану процесі.

Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі.

           Іскерлік – бұл кез келген іс – әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын  іс – әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.

      Іс — әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.

      Іскерліктің құрамы күрделі. Оған “елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс әрекет процесін реттеу және өзін – өзі бақылау дағдылары” енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс –  әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс – әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.

      Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.

      Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс – әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:

      — арнайы іскерлік;

      — оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;

      — ақыл – ой іскерлігі.

      Білім мазмұнын жетілдіру әртүрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді, жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты “Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (I – IV сыныптар)” (Алматы, 1997), “білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар” деген бөлім енгізілді.

Бірінші топ – арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.

Екінші топ – оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс – әрекетін басқару.

Үшінші топқа интелектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп – салдарлық байланыстарды табу.

Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориалық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс – әрекетінде көрінеді.

Іс – әрекетке дағдыланған адам, іс – әрекетке қимыл – қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.

Дағдылар ақыл – ой, тілдік, сенсорлық, ерік – жігер, мәдени, гигиеналық, болып бөлінеді. Ақыл – ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне – өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.

Ерік – жігер дағдылары: іс – әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін – өзі тәрбиелеу.

Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.

Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.

Оқытудың білім беру қызметі – бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:

  • білімнің толықтығы;
  • оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс;
  • әрекетті іске асыру.
    • Азаматтық қорғаныс пәнінің оқыту әдістері және формалары

Негізгі мақсат: оқушыларды АҚ саласында аткарылатын жұмыстар мен әдіс-тәсілдермен таныстырып, сонымен бірге төтенше жағдайларда қорғаныс ғимараттарына жасырынуға үйретіп және дағдыландырып, практика жүзінде іске асыруға үйрету. Оқушылардың оқу барысында өздеріне сенімін арттырып, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда іскерлікпен іс-әрекет етуге, аса жауаптылықпен қорғаныс шараларын атқаруға дағдыландыру.

Көп жылдық педагогикалык тәжірибе көрсеткендей, ЖОО студентерін тиімдіде, сапалы оқытуда сабақ өту тәсілдерінің дұрыс таңдалынып алынуының маңызы зор.

Сабақты өту түрлері — оқу процесін ұйымдастыруға жатады, бұл оқыту саласында белгілі структурада оқушыларды оқытып үйрету. Оқыту түріне оқушылардың саны, категориясы, оқу орны, сабақ оқу уақыты, оқу мерзімнің ұзақтылығы, оқушылармен окытушының арасындағы қарым-катынастың спецификалық қызыметі, материалды-техникалық жабдықталуы жатады. Бір ғана сабақ түрін өткізуге әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдануға болады, ЖОО АҚ пәнін өткенде, кейіннен тараған оқыту түріне теориялық сабақ (ауызша түсіндіру, не әнгімелесу) және практикалық сабақ (арнайы оқу бөлмелері, оқыту қалашыктары) өту жатады. Кеңінен тараған оқыту түріне, сабақтан тыс откізілетін викториналар, олимпиадалық жарыстар және АҚ күндеріне арналған сабақтар жатады.

Теориялық сабақтарда негізінен оқыту процесінде өтетін тақырыптардың шамалы ғана бөлігін қамтиды, буған АҚ штабы жанында ұйымдастырылатын жұмыстар реті бейбіт және соғыс жағдайындағы ТЖ халықты қорғау шараларын оқытып, түсіндіру кіреді. Сабақты негізінен оқыту бөлмелерінде әр тақырыптағы кино, диафильмдерді және көрнекілік кұжаттарды корсетумен шектеледі. Оқыту сыныптарында өткізілетін сабактардан басқа экскурсия жасау және соғыс ардагерлерімен кездесу жатады.

Практикалык сабақтарда оқушылардың білімін ұштап тереңдетіп, бейбіт немесе соғыс жағдайындағы дабылдар кезінде қорғаныс әрекетіне дағдыландыру, сондай-ақ жекелей қорғаныс заттарын пайдалануды, санитарлық тазарту жұмыстарын жасау, киім-кешектерді және техниканы тазарту, дезактивация газсыздандыру т.б. жұмыстарды үйрету. Бүл жұмыстар үйреншікті түрде жасалу үшін арнайы жаттығулар жасалуы керек.

Оқыту тәсілдері оның көмегімен терең теориялық білім беріліп, іс жүзінде әдістеме тәсілдерге дағдыландырып, білімгерлерге жоғарғы материалды психологиялық төзімділіктің калыптасуына себеп болады.

Оқыту тәсілі мұғалімнің білімгерлермен тікелей араласуы болып табылады. Сабақтын максатына және сабақ түріне байланысты оқыту тәсілі таңдалынып алынады. Егер, теориялық сабақта оқытушының басты мақсаты білімгерлерге жаңа тақырып түсіндіру не өткен сабақты терең үғындыру керек болған жағдайда, ауызша түсіндіру, әнгімелесу, көрнекілік кұжаттарын көрсетудің ал егер сабақта әдіс-әрекеітерді қалыптастыру керек болған жағдайда, әртүрлі жаттығуларды бірнеше рет қайталатып көрсету, түсіндірілген сабақ есте қалу үшін окушыларды қажет қүрал-жабдықтармен т.б. сабақ барысында керекті материалдармен қамтамассыз ету, сабақ мазмұнын ауызша айтудың окыту барысында орыны ерекше. Бейбіт немесе соғыс жағдайындағы болатын ТЖ кезінде көніл-күйдің тұрактылығын қалыптастырады. Ауызша айту кезінде, оқулыктарға әлі енбеген күнделікті басылымда шығатын жаңа деректерді айтуға болады. Сонымен бірге ауызша айту кезінде көрнекілік материалдар кенінең колданылуы керек. Мысалы: жекелей қорғаныс заттары тақырыбын өткенде міндетті түрде, жекелей қорғаныс заттары оқушыларға көрсетілуі тиіс. Білімгерлердің сабақка ынталылығын арттыру үшін тақтаға әр түрлі түсті борлармен схема, суреттер салынылуы тиіс. Ауызша түсіндіру кезінде салыстырудың да маңызы зор. Мысалы: Арменияда болған 8 — 10 балл жер сілкінісімен, онда болған ғимараттар бұзылуын, ядролық жарылыстар кезіндегі зақымдармен салыстыру. Сабақты әңгіме түрінде өткізудің оқыту процесінде алатын орны ерекше, бұл диалог сұрақ-жауап түрінде өтеді. Білімгерлерде жаңа ой-пікірлер калыптасады. Әнгімелесу кезінде өткен материалдардын қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Әңгімелесу эвристикалық түрде өтіп оқытушы білімгерлерге сұрақтар қою нәтижесінде олардың өздігінен ізденуіне және өткен сабақтарды талдауға ат салыса катысуына жағдай жасайды.

Жаттығу тәсілі дегеніміз білімгерлердің өздігінен киындатылған әдіс- тәсілдері бірнеше рет кайталауы арқылы қалыптастырылады. Тіршілік қауіпсіздігі сабағын дайындау тәсіліне: Окытушының сабаққа алдын ала дайындалуына, өтетін тақырыпты талдауы, керекті әдебиетті таңдап алуы мен оқып танысуы, сабақтың мақсатын анықтауы, жоспар жасауі, оны бекітуі, практикалық әдіс тәсілдерді қайталау, оқыту орнын дұрыс таңдап алу, жасалатын жаттығулардың дұрыс жасалу әдістерін карастыру жатады.

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі дәрісін жүргізгенде оқытушы оку жоспарымен танысып оны меңгеріп, тақырып түсіндіргенде оның өткен тақырыппен қаншалыкты байланысты екенін және білімгерлерге қаншалықты таныс екенін анықтауы керек.

Сабаққа кажетті әдебиеттерді дайындағанда методикалық нүскаулармен мерзімдік басылымдағы материалдарды кеңінен қолданудың мәні зор, себебі жаңа деректер білімгерлердің білімін арттырады. Оқу сағаттарын беру, тақырыптың маңыздылығына және жалпы бөлінген уақытқа байланысты болады. Практикалық сабақтарда, оқытушы алдын-ала жаттығуларды өзі кайталап жасауы керек. Қажет болған жағдайда сабақ барысында өзіне көмектесу үшін, бірнеше оқушыны таңдап алып оларға жатгығу жұмыстарды алдын алу керек. Сабақ алдында өтетін тақырыпты жақсы түсіну үшін, оқытушы әр-түрлі сабаққа қатысты аспаптарды, қорғаныс заттарын және оқыту фильмдерін, диафильмдерді, көрнекі материалдар плакаттарды дайындауы керек. Жоғарыда айтылғандай сабақ өту орның дұрыс таңдап алудың маңызы зор оқытушы сабаққа дайындалғанда міндетті түрде жоспар — конспектісін дайындауы керек.

Жоспар конспектісі жұмыс құжатың пайдалану арқылы окытушы сабақ өткізеді. Тақырыпты толық түсіндіруге, өткен тақырыпты қайталауға, сабақ уақытын дұрыс пайдалануға, техникалық және көрнекілік оқыту құралдарын пайдалануда қателеспеуге, практикалық сабақтарда жаттығу жұмыстарын дүрыс жасауға белгіленген қалыптан шыкпауға  қажет. Бүл қысқа, әрі мазмұны және көрнекті болуы керек.

Жоспар конспектісінің бірінші бөлігінде практикалық немесе жаттығу сабағының ретті, сабақтың мақсаты, сабақты өткізу тәсілі және өту орны. Сабақта талданатын сұрақтар, оларға бөлінетін уақыт, сабақтың тақырыбының материалдық қамтамассыз етілуі, дайындалуға ұсынылған әдебиет.

Қысқаша сабақта қаралатын сұрақтар оларды түсіндіру тәсілі, қорытынды талдау және тақырыпка байланысты схема, суреттер немесе сабақ барысында білімгерлерге түсіндіру үшін тактаға жазып, сызу сондай-ак техниканың көмегімен диафильмдер көрсету. Окушылардың қаншалықты өткен тақырыпты түсінгендігін, көрсетілген жаттығуларды қаншалықты үғынғандығы және үйге тапсырма беріледі.

Сабақ өткізуде оқытушының шеберлігін арттыру үшін, міндетті түрде ТӘҚ пәнінің оқытушысына ауыл шаруашылық объектілеріне және АҚ орындарынын жұмыстарымен танысу, көпшілік қорғаныс «Жер асты баспаналарында » болудын мәні зор.

Студентерді ТӘҚ оқытумен тәрбиелеуде, ЖОО тек өздерінің оқу орынындағы ғана құрал жабдық, аудиторияларын пайдаланып қана коймай халық шаруашылығы қорғаныс объектілеріндегі, ЖОО бекітілген, ТЖ штабы жанындағы объектілерде практикалық сабақ өткізу, студентердің өз білімдеріне сенімін арттырып, моральды-психологиялық дайындауда пайдаланылады.

  1. Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары

2.1 Төтенше жағдайлардың пайда болу жолдары және оның салдары

Төтенше жағдайлар деп кенеттен пайда болатын жағдайларды айтады. Ол халықтың түрмыс жағдайларына, процестің немесе қүбылыстың кенеттен бүзылуына, адам өліміне, табиғи ортаға, әлеуметтік сфераға, экономикаға теріс әсерлерін тигізеді.

Әрбір төтенше — жағдайдың өзінің мәні бар, сол жағдайға байланысты пайда болу себептері, дамуының ерекшеліктері болады.

Барлық төтенше жағдайлар пайда болу себептеріне, таралу кашықтығына, жиіліғіне және т.б. жағдайларға орай жіктелінеді.

Төтенше жағдайларды былай жіктеуге болады:

  • геофизикалық қауіпті кұбылыстар (жер сілкінісі, тау жанар);
  • геологиялық қауіпті кұбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, опырылма);
  • метеорологиялык және аэрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, қүйын, қүрғақшылық, аяз және т.б.);
  • гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты қүбылуы, мүздар арыны, су басу, тасқындар, жер асты сулар деңгейінің көтерілуі);
  • табиғи өрттер (далалык, ормандық, шымтезектік);
  • адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялық)
  • ауыл шаруашылық малдарының жүқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотия);
  • ауыл шаруашылық өсімдіктердің жүқпалы ауруға шалдығуы (эпифитатия).

Жер сілкінісі

Жерсілкіну — бұл табиғи себептерден (көбіне техникалық яғни жер қыртысындағы процестерден) болатын жер астындағы дүмпу (қимыл) және жер бетіндегі діріл. Жер астынан дүмпу пайда болатын алап ішінде көптен бері жиналған энергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы эпицентр деп аталады.

Орасан зор қысымның немесе жер астындағы жарылыстың салдарынан мантияда туатын кернеулер жер астын дүмпітетін және жер бетін дірілдететін жер сілкінудің көзін пайда етеді. Гипоцентрден түс-тұсқа бойлай және көлденеңдеп жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар бо­лады. Эпицентрден түс-тұсқа жердің бетімен үстіңгі сейсмикалық толқындар таралады.

Жер сілкінудің ошағы әрқилы тереңдіктерде, көбінесе 20— 30 километр тереңдіктегі жер қыртысында пайда болады. Жердің кейбір аудандарында жүздеген километр (жердін жоғары кабығында) тереңдіктен шығатын қимылдар байқалады.

Жер сілкіну бірнеше секундқа созылатын табиғаттың бұл қорқынышты сұрапыл апатын еш нәрсемен теңдеуге болмайды. Өзінің қарқыны жөнінен, яғни жер бетінде білінуіне қарай халықаралық сейсмикалык МК-64 бағасына сәйкес жер сілкіну 12 балмен бағаланады: жай (2-3 балл), қалыпты (4 балл), қатты (5-6 балл), өте катты (7-8 балл), жоғары (9-10 балл, кауіпті балл), ал 11- 12 балл катастрофалық болып есептеледі.

Қазақстан Республикасында жер сілкінуі болатын кауіпті облыстарға мыналар жатады:

  1. Алматы облысы
  2. Қызылорда облысы
  3. Шығыс-Қазакстан облысы
  4. Маңғыстау облысы
  5. Жамбыл облысы
  6. Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Жер сілкіну әдетте өте кең территорияларды (аймақтарды) қамтиды. Күшті жер сілкіну болғанда қабаттың тұтастығы бұзылады, үйлер мен ғимараттар қирайды, коммуналдық-энергетикалық желілер істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейінгі хaшықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Жер сілкіну көзіне жақын жерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстаңқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне үқсап кетеді. Тауларда опырылып қүлау және көшкін болуы ыктимал. Cy астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар — цунами пайда болады. Қүрғақта сұрапыл қиралу пайда ететін биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген.

Қалалар, елді мекендер және халық шаруашылығы объектілерінің жер сілкіну әсеріне төзімділігін арттыратын негізгі шараларға: сейсмикалық аудандастыру және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ететің шаралар комплексі жатады.

Жер сілкінудін зардаптарын жоюда бірінші кезекте мынадай құтқару және авариялык шұғыл қалпына келтіру жұмыстары icке асырылады: барлау жүргізу; зақымданғандарды, үйінділердің астында калғандарды шығару және шала қираған өртеніп жатқан үйлерде калған баска да адамдарды құтқару; жасақтар жұмыс істеп жатқан объектілерге баруды және зақымданғандарды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін үйінділердің үстінен өтетін жолдар жасау; зардаптары адам өміріне кауіп төндіретін, құтқару жұмыстарын жургізуге кедергі жасайтын немесе елеулі материалдық шығынға ұшыратуы ықтимал коммуналдық – энергетикалық желілер мен технологиялық желілердегі аварияларды тоқтату және жою; авариялық жағдайда тұрған үйлер мен ғимараттар конструкциясын құлатып тастау немесе нығайту; зақымданғандарды жинайтын мекендер мен медициналық пункттерді жабдықтау; сумен қамтамасыз етуді үйымдастыру.

Жep сілкіну зардаптарын жоюға байланысты құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын іске асырудың бірізділігі мен мерзімдерін жер сілкінген аймақта болған кала (объект) азаматтық корғанысының бастығы белгілейді. Ол пайда болған жағдай туралы мәліметтерге негізделе отырып, құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, онда мыналарды: қаланың қай аудандарына (кай объектілеріне) негізгі күштер шоғырландырылатынын; азаматтық қорғаныс күштерінің міндеттерін және оларды жұмыс істелетін объектілерге апару тәртібін; жұмыстардың басталуы мен қанша уақытқа созылатынын; жұмысты жүргізетін күштерді басқаруды және олардың әрекетін қамтамасыз ету тәртібін шешіп алады.

Барлау бүлінудің түрін, адамдарды құтқару жұмыстарының кезектілігін және көлемін анықтайды.

Барлау буындары немесе топтарының құрамынан бөліп шығарылған шолғыншылар Жер сілкінген аймақ арқылы транспорт құралдарымен немесе жаяу жылжиды.

Барлау: жасақтардың жұмыс істелетін объектілерге қарай кысқа да неғұрлым қауіпсіз жылжу маршруттарын; үйлер мен ғимараттардың, коммуналдық — энергетикалық шаруашылық желілерінің бүліну дәрежесін және өзгешеліктерін; зақымданған адамдардың тұрған жерлері мен оларға қаншалықты қауіп төнгенін.

Жұмыс істелетін объектілерге қарай жылжу маршруттарын барлағанда үйінділердің түрлері, үйінді басып қалған учаскелер шашамен қай жерге дейін созылатыны және өтетін жолдар салудың анағүрлым тиімді тәсілдері айқындалады. Жүретін маршруттарды тандағанда жұмыс көлемінін анағұрлым аз болуы көзделеді. Коммуналдық шаруашылық тораптарының бүлінуі салдарынан cy басып кеткен учаскелерде аварияларды жайылдырмау жөніндегі жұмыстардың түрлері мен көлемі анықталады, cy басқан учаскелерден өтетін айналма жолдар табылады.

Бүлінген үйлер мен ғимараттарды көзден өткізгенде әуелі сырткы ірі дуалдардың және жанама құрылыстардың (балкондардың, кенере — ернеулердің жағдайын, содан кейін үйдің ішкі жайларын тексереді әрі адамдар тұрған жерлерді белгілейді.

Барлау коммуналдық және энергетикалық шаруашылықтардың тораптары мен ғимараттарында аварияның шыққан жерлері мен ерекшеліктерін, жұмыстардың көлемін тағы да оларды токтатуға қажетті күштер мен құралдарды белгілейді. Сонымен жарылғыш әрі өрт шығарғыш қауіпті өнімдері бар объектілердегі техникалық қондырғылар мен кұбыр өткізгіштерге айрықша назар аударылады.

Сумен жабдықтау көздерін барлауда cy кашалары мен насос станциялары құрылыстары және жабдықтарының cy қашасы колонналары мен артезиан скважиналарының бөлістіргіш тораптарының техникалық жағдайы тексеріледі; cy қашалары құрылыстары мен насос станцияларын қалпына келтіру жұмыстарынын түрлері және көлемі аныкталады.

Өрттер

Өрттер — адам бақылауынан шыққан отынның жану әрекетінен пайда болған апат. Өрттер бірнеше жолмен таралады. Өрттен адамдар қайтыс болып, құнды заттар жойылады. Өрт отты дұрыс қолданбауынан, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан пайда болады. 90% өрт адам қолынан жасалады.

 

 

 Өрт

 

Өрт себептері мынадай жағдайда:

  1. Ядролық жарылыстар кезінде жарық сәулесінің әсерінен;
  2. Найзағай жарқылынан;
  3. Ормандарда шылымды сөндірмегеннен және т.б. жағдайларда болуы мүмкін.

Географиялық жағдайларға, ауа — райына, құрылыстарды тығыз орналастырғанға, халық шаруашылық объектілерінің ерекшелігіне байланысты өрттер мынадай түрлерге:

— жеке бір немесе бірнеше ғимараттар тобын камтыған өрт;

— салмақты өрттер (ғимараттың 25% қамтыған жеке өрттердің жиынтығы);

— толық өрт (өрт ғимараттың 90% қамтиды);

— өрт дауылы (өрт дауыл кезінде жолмен территорияны түгел қамтиды)

бөлінеді.

Тұрғылықты орындардан басқа, жану материалының түріне байланысты өрттер: орман, шым өрттері және т.б. болып келеді.

Орман — талай ұрпақтардың ұлттық байлығы. Осы күндері өмір сүріп жатқан біздер оны қорғау жөнінде қамқорлық жасауға, орман шаруашылығын тиімді басқаруға міндеттіміз.

Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярланған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. Өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердін ошағына айналады, сөйтіп, отқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардын да қүрып кетуіне себепкер болады. Өрттің салдары­нан орманнын корғаныш болу, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, кұнды хайуанаттар құриды. Орман шаруашылығын және орман ресурстарын пайдалайнуды басқару жоспары бұзылады.

 

Әлсіз                     Орташа                Күшті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ормандағы өрттер әрқилы себептерден пайда болады. Өрттердін 80 процентке дейінгісі халықтын енбек пен демалыс орындарында от жаққанда өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ак орманда бұзылған, жөнделмеген техниканы қолдануының салдарынан пайда болады. Ормандар найзағай ойнағанда түскен жасылдан өртенеді, әсіресе, олар колайсыз метеорологиялық жағдайларда (ауанын температурасы жоғары болғанда, көпке дейін жанбыр жаумағанда) жиі-жиі өртенеді.

Орман өрттері ормандағы жағдайды бақылау қызметінін дұрыс жөнге салынбауынан және орманда бірен-саран жерлерде от шыққанын тиісті органдарға дер кезінде хабарламаудың, сондай-ақ жағдайды нақты бағаламаудың және басқалардың салдарынан шығуы ыктимал. Мұның бәрі бірен-саран өрт ошақтарының стихиялық апаттарға соқтыратын жаппай өртке айналуына себеп болады.

Орманның қай бөлігіне от жайылғанына карай өрттер төменгі, жер асты және жоғары, ал от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай — әлсіз, орташа және күшті өрт болып белінеді. Басқаларынан гөрі төмеңгі өрттер жиі кездеседі.

Бұл жағдайда ол тек топырақтын бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды.

Жер бауырлап жанған өрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Жер бауырлап жанған лапылдақ өрт кезінде топырак бетіндегі жанды және жансыз жамылғылар, өзі көктеп шыққан шыбықтар, түскен жапырақтар мен қылқандар жанып, ағаштардың төменгі жағындағы кабығы мен ашылып қалған тамырлары, өсіп келе жатқан қылқандар мен бұталар өртенеді. Мұндай өрт aсa ылғал жамылғылы жерлерден оралып өтіп, өте жылдам тарайды, сондықтан алаптың кей жерлеріне от тимей қалады. Лапылдақ өрттер негізінен көктемде, ұсақ жанғыш заттардың тек ең сыртқы қабаты қураған кезде пайда болады.

Жер бауырлап жанған маздақ өрт кезінде от «терендеп кетеді» деуге болады, жердегі жапырақтар мен шөп-шалаң, ағаштардың тамырлары мен қабықтары қатты өртенеді, өсіп келе жатқан қылқандар мен бұталар тегіс жанып кетеді. Маздақ өрттер әдетте жаздың ортасында, жер беті куарған кезде күшейеді.

Жер асты өрті кезінде орман жынысының астында жатқан шым тезек жанады. Шым тезек не ішінара, онан әрі тұтанбайтын ылғалды қабатына дейін жанады немесе топырақтың минералды қабатына жеткенге дейін тереңдіктің бәрі түгел өртенеді. Осыдан ағаштардың тамырлары жалаңаштанып қалады, не­месе жанып кетеді. Ормандарда жер асты өрттері өте сирек болады.

Биікті шалған өрттер топырақтын үстіңгі жамылғылары мен ағаштардын бастарына жайылып қылқандарын, жапырақтарын, кіші-гірім, ал кейде ipi бұтақтарын да өртеуімен сипатталады.

Таулы ормандарда қүламалы баурайлармен биікке өрлегөн оттан жиі-жиі биікті шалатын өрттер шығып отыра­ды. Олар көбінесе күшті желдін себебінен пайда болады.

Ағаш бастарына от өрмелегенде жел ұшырған ушқындар қызған бұтақтар мен қылқандар негізгі ошақтан ондаған, ал кейде жүздеген метр ілгеріде төменгі өрттің жана ошактарын пайда кылады. Үшып барып түскен жалын ағаш бастарына caғатына 15—20 километр жылдамдықпен өрмелейді.

Орман өрттерін қолданылып жүрген ережелерге сәйкес қарамағында орманы бар ұйымдар мен кәсіпорындар өз күштерімен және өз құралдарымен өшіреді.

Егер өртті өшіре алмаса, онда орман шаруашылығында немесе өрт шыққан елді мекенде жұмыс тоқтатылады да қолдағы бар күш және кұралдар отқа қарсы күреске жұмсалады.

Орманшылық пен орман шаруашылықтарының қарамағында орман шаруашылығы кәсіпорындарының өртке қарсы күрестегі негізгі күші болып саналатын өртке қарсы химиялық станциялар (ӨХС) — арнаулы бөлімшелер болады.

Өртке қарсы химиялық станциялардың екі түрі бар.

Орман шаруашылығында құрылатын өртке қарсы химиялық станциялардың бірінші түрінің 7 адамға шамалас командасы, өртке қарсы автоцистернасы (немесе өртке қарсы жиналмалы цистернасы бар жүк машинасы), ГАЗ — 69 автомашинасы, дөңгелекті мотоциклі, сондай-ақ кіші габаритті немесе қозғалмалы мотопомпасы алып жүруге қолайлы бүріккіші, жеңіл механикаландырылған ңемесе қолға ұстап жүретін өртке қарсы құралы болады.

Өртке қарсы химиялық станциялардың екінші түрі ормандағы өрт қаупіне қарай жабдықталады әрі екі және одан да көбірек өртке қарсы автоцистернасы немесе жүк автомашиналары, өртке қарсы кез келген жерден жүре алатын қолайлы машиналар мен арнаулы орман өртіне қарсы агрегаттары бо­лады. Оның үстіне, мұндай станцияларға топырақ өңдегіш сайманды тракторлар мен бульдозерлер бекітіліп берілуі мүмкін. Командасы 15—20 адамнан құралады.

Ормандарды өрттерден корғау, сондай-ак оған карсы қолма-қол куресу үшін өрт каупі бар орманды аудандарда өртке қарсы химиялық станциялардан басқа тиісті жерлерде оперативті авиациялық бөлімшелер авиабазалар құрылған.

Жасақтар орман өртіне қарсы қолданылып жүрген нормаларға сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Халық шаруашылығы объектілеріндегі азаматтық қорғаныс бастықтары ерте бастан өртке қарсы құралдарды дайындайды және жасақтардың адам құрамына өртке қарсы күрес тәсілдерің үретуді ұйымдастырады.

Азаматтық корғаныс жасактарының орман өртін өшіру және жайылуына тосқауыл жасау кезінде ойдағыдай әрекет етуі едәуip дәрежеде адам құрамының орман өртіне қарсы күреске сақадай сай түруына байланысты. Жасақтардың өртке қарсы куресу жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру үшін практикалық оқулар мен жаттығулар өткізіледі.

 

Су тасқыны

Cy тасқыны деген табиғат күштерінің әрекеті салдарынан құрлықтың көп жерін уақытша басып кетуі. Cy тасқынын шығу себептеріне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа көл-көсір жауын-шашыннан немесе қардың (көшпе мүздың) үсті-үстіне еруінен пайда болатын тасқын жатады. Осындай тасқын, мәселен, 1974 жылдың күзінде Брест облысында болды.

Сел мен сең жүру қабаттаса келгендегі тасқын халық шаруашылығына зиян тигізеді. Әдетте сең кептеліп немесе жүрмей судың ішіне мүз жиналып, тығындалып қалады да, содан барып cy деңгейі үстемелей көтеріліп, жаңа территорияны cy басып кетеді. Оның үстіне бөгеттерді бүзып кеткен суда екпінді толқын пайда болып, ағыстан төменгі жақта жайласкан территорияны түтқиылдан cy басу каупі тууы ықтимал.

Екінші топты өкпек желдің әрекетінен пайда болатын cy тасқындары құрайды. Олар теңіз жағалауларында және теңізге қүятын өзендердің сағаларындағы учаскелерінде байкалады. Өкпек жел сағадағы суды кідіртеді, соның салдарынан өзеннің деңгейі көтеріледі. Мұндай cy тасуы Ленинградқа тән.

Үшінші топқа cy астындағы жердін сілкінуінен болатын cy тасқыны жатады. Cy астындағы жердің сілкінуі салдарынан күшті толқындар — цунамилар пайда болады. Олардың жайылу жылдамдығы сағатына 400—800 километрге жетеді. Ашық теңізде цунамилар, әдетте жазылып жатады және кемелерге білінбейді. Дегенмен жағалауға жақындаған сайын тіп-тік шапшаң көтеіріле бастайды да әжептеуір күшпен кемерді соғады. Жағалаудағы цунамилардың биіктігі cy астының және жағалаудың рельефіне қарап анықталады. Жайпақ жағалауда олардың биіктігі, әдетте, 5—6 метрден аспайды, жағалаудың тар шығанақты учаскелерінде — 15—30 метрге жетуі мүмкін.

Су тасқынын белгілі дәрежеде болжап білуге болады. Бұл көпшілік жағдайларда оның мезгілін, сипатын және мөлшері қаңдай болатынын күнілгері анықтауға мүмкіндік береді.

Су басу қаупін болжау келетін зиянды едәуір кемітетін алдын ала шаралар комплексін дер кезінде жүзеге асыруға, сондай-ақ су басқан аймақтарда құтқару және авариялық-шұғыл қалпына келтіру  жұмыстарын  жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға септігін тигізеді.

Су басуға қарсы күрес ұзақ мерзімді жоспарларда жүзеге асырылатын және алдын алу түріндегі шараларды қамтиды. Әуелгісіне қорғаныш дамбалар, орлар, каналдар, су қоймалары тағы басқалар құру жатады.

Көктемгі судан болатын су тасқынының қарқынын басталуынан бір ай және одан да бұрынырақ болжап білуге болады. Мұның мәнісі: гидрометереология қызметі органдары ұдайы жүргізіп отыратын бақылаудың арқасында су тасқыны пайда болуы түскен қардың қалыңдығына, топырақтағы ылғалдың қорына,өзендерде сең жүру мерзімдеріне, ауа райына, көктемгі су тасуы кезіндегі ауаның температурасына тағы басқаларға белгілі дәрежеде тәуелді болатыны анықталған.

Мұз кептеліп және жүрмей қалудан келіп шығатын су тасқынынан біраз ертерек сақтандырып қоюға болады. Үнемі кептеліп және жүрмей қалатын жерлер әдетте белгілі болғандықтан, мұз әбден қатып қалуы ықтимал жылдары сең жүру басталудан көп бұрын-ақ алдын алу шаралары қолданылады.

Белгілі бір жерлердің әрқайсысына төнген су басу қаупін болжағанда дамбалар, плотиналар, шлюздер, каналдар мен гидроузелдердің болуына байланысты су жолының табиғи режимдері өзгеретінін есепке алу қажет. Бір жағынан, су ағызуды осы қүрылыстар арқылы реттеу көбінше өзендер режимін меңгеріп су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, көп жылдар жинақталған белгілерге қарамаса су тасу режимінің гидроузелдер салынғаннан кейінгі ұқсас жағдайларын әрдайым дәл болжау мүмкін емес. Дегенмен табиғи жағдайлардың әсерін жүйелі түрде есепке алу және су тасу режимінін, мәліметтерін талдап отыру жыл сайын тасқыннан сақтанудың нақтылы шараларын белгілеуге себебін тигізуде.

Сел

Сел — су деңгейінің күрт көтерілуімен қатты материал бүзылған тау жыныстары көбейген кезде 10% — 75%-ке дейін тау өзендерінің араларында кенеттен пайда болатын уакытша тасқын. Ол — тау өзенінің араларында 3-5 м/с жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін кейбір жағдайларда 40-50 м дейін жекелеген толқындармен қозғалады. Сел салмағы 30 тонна үлкен тастын өзін оңай дөнгелетіп әкетеді. Сел жай тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес болек – болек қозғалады.

Сел тасқыны жақындаған кезде күшті гуіл естіледі, сел айдаған тастың соққысынан топырак дірілдейді, қатты лайланған су ағады.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен өндірістердің болуынан борпылдақ топырақпен бөлшектенген материалдың көптігінен қар мен мұздақтың тез еруінен биік таудағы өзендердің бұзып шығуынан пайда болады. Селдің талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, өзен сағаларын бүлдіреді.

Республикада 300-ден астам белсенді сел басейндері бар. Мұздықтардың еруінен пайда болған сел 15% жуық, қар тез ерігені және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.

Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпті аудандар болып табылады.

Сел таскындары кенеттен бірден пайда болмайды, онын түзілуі туралы тұрғындарға ең біріншіден гидрометеорологиялық станциясы алдын-ала ескерту жасауы кажет.

 

Шөккін

Шөккін — тау көшкіні — аурлық күштің әсерінен төмен қарай түсетін тайғақ таудың қоспасы. Олар тепе-тендіктің бұзылуынан әртүрлі жағдайларда яғни сулардың таудың ішінен кетуінен, жел мен жауын – шашыннан кейін, жер асты суларының әсерінен түбінің босауынан, адамдардың ойлаусыз істеген шаруашылық ісінің жүйелі тербелістерінен пайда бодады. Олар тек қана жылдамдығына қарай шектеліп қоймай, сонымен қатар көлемі жағынан да ерекшеленеді.

Жай қоспалар түрінің жылдамдығы жылына бірнеше ондаған см, ортащалары — сағатына немесе тәулігіне бірнеше метр, жылдам қоспадар түріңің тездігі сағатына 10 км немесе одан да көбірек болады.

Жылдам көшкіндерде қатты зат сумен немесе қар, құм аралас заттармен қосылып ағады, сондықтан жылдам өтетін көшкіндер адам өліміне душар етуі мүмкін. Көшкіндер түрғын үйлерді, ауыл шауруашылық өнімдерін жояды, қоммуникация, тоннель, кұбырлар, телефон және электр жүйелерін, су шаруашылық құрылыстарын, ең бастысы бөгеттерді алып кетеді, қиратады, бұзады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дауыл

Дауыл деп жылдамдығы сағатына 29 — 105 км, болмаса 30 — 50 м/с-тан асатын желді айтады.

Олар атмосферада, яғни ауада кенеттен тепе-теңдіктің, яғни ауада циркуляцияның бұзылуынан туындайды. Сонғы он жылдықта Орта Азия, Қазақстан Республикасында және басқа елдерде осындай дауылдар байқалып отырды. Амударияның жоғарғы сағасындағы аймактарда, Өзбекстанның онтүстік бөлігінде және Орта Азияның басқа аймақтарындағы «Афган» атты дауылдар ауыл шаруашылық мәдениетімен өсімдіктеріне қатты әсер ететін, ауа құрғақшылығын туғызатын майда құмдарды алып келеді. Дауылдар кезінде электр сымдары үзіледі, телефон және телеграф байланысы бұзылады. Жылдамдығы 40 м/с күшті дауыл 1998 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электр беретін желелер үзіліп, шатырларын ұшырып әкетті.

Өндіріс құрылыстарында жұмыстар тоқтап қалады, тұрғын үйлерде эр түрлі бүзылыс қираулар болады, авариялар және түрғылықты әсер де өрттер пайда болады.

 

 

 

 

Жалпы қырып жою құралдарының зақымдану ошақтары.

Ядролық ошақ

Ядролық   зақымдану   ошағы   деп   ядролык  жарылыс  факторлары зақымның әсерінен жаппай қирап бүлінген коммуналдық-энергетикалық жұйелер, радиоактивтік зақымданған және тұрғындары едәуір шығынға ұшыратқан территорияны айтады. Ядролық ошақтың төрт аймағы болады: толық, күшті, орташа, әлсіз

 

 

 

Толық қираған аймақтың шекарасында әсер етуші күштің қысымы 0,5 кг/см2 жоғары болады. Барлық ғимараттар толық қирайды. Күшті қираған аймақта шекараның қысым күші 0,5-0,3 кг/см болады. Бүл аймақта ғимараттар мен жертөлелер қатты қирайды, бұл аймақта өрт шығып ағаш ғимараттар жанады, ұйінділер пайда болады. Панаханаларда адамдар зардап шекпейді.

Орташа қираған аймақта соққы толқынның қысым күші 0,3-0,2 см. Бүл аймақта ғимараттар мен түрғын жайлар ішінара қирауымен сипатталады. Оларда жаппай өрт жайылуы мүмкін. Көптеген корғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрғын адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимарат сыртында қалған адамдар жарақаттанып, медициналық көмекті қажет етеді.

Химиялық ошақ

Химиялық зақым аумағы деп химиялық қарумен күшті әсер ететін улы
заттардың әрекетіне ұшыраған адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер зақымданған территорияны айтады.

Химиялық ошақтың екі аймағы болады. Жарылыс болған жердің аймағы, жел бағыттап кеткен аймақ.

Химиялық ошақта соғыс кезінде химиялық қару қолданылады олар нерв-паралитикалык, теріге әсер ететін, жалпы уландырғыш, тұншықтырғыш, психото-мимитикалық болып болінеді. Бейбіт кезде кұшті әсер етуші улы заттар олар хлор, аммиак, фосген, күкірт ангидриды, т.б  төгіледі.

 

 

Бактериалық ошақ

Бактериялық зақым ошағы деп бактериялар бір там немесе бір пәтер жұқпалы аурулармен ауырған адам шыққан жерді және зақымданған жүқпалы ауру көзі болып табылатын елді мекенді, шаруашылық нысандары мен территорияны айтады.

Бактериялық ошақта бактериялық құралдарды пайдаланудың негізгі белгілері: жарылыс орында сынған қару. Шөпте, өсімдікте, жерде, айналадағы заттардың бетінде тамшы пайда болады, төмендеп ұшқан самолет соңында тұманның немесе тұтіннің жолағы контейнерлер ауырған өлген малдар көрінеді. Әсіресе жарылыс болған жерде құрт-құмырсқа, кеміргіштер, кенелер кенет көбейеді, үй жануарлары мен адамдар жаппай ауырады.

Ланкестік әрекеттер

Соңғы жылдары құқықты органдардың жұмыс бағытының бірі ішкі және халықаралық ланкестік болып анықталатын күшпен күресу.

Лаңкестік деген қорқыныш түғызу, зәресін үшыру деген мағынаны береді. Расында, оның кез-келген бағыты, бастапқыда қоркыту, содан кейін өзінің қылмыскерлік мақсаттарына жету.

1999 жылдын 13 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Ланкестікке қарсы күрес туралы» Заңы біздің республикамыздағы лаңкестікпен күрестің құқықтық және ұйымдастырушылык негіздерін, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардын қызмет тәртібін, сондай-ақ лаңкестікпен күресті жүзеге асыруға байланысты азаматтардың міндеттері мен кепілдіктерін аныктайды.

Лаңкестік — мемлекеттін қауіпсіздігін бүзу үшін, мемлекеттік органдардын қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқа да ланкестіктік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Ланкестіктік акт — адамның өміріне қауіп тудыратын қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да іс-қимылдарды жасау, маңызды мүліктік шығындарға ұшытару немесе басқа да қогамға қауіпті салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер лаңкестіктің мақсатына жету ұшін, сондай — ак белгіленген іс-әрекеттердің сол максатта жасалу қауіпі болса лаңкестіктік акт болып саналады.

Әсер ету масштабына қарай лаңкестік ішкі және халықаралык  болып бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай лаңкестіктің көздері саяси, діни, қылмыстык және жеке тұлғалық сипатта болады.

Лаңкестік — өзінін бірбеткейлік кұлшынысында кейбір заттарға келіспей, күштілерді және үлыларды төмендетіп түбегейлі арандатын кек алу түрі. Ал ол қандай киімде болады: сәлде, төркөйлекте, ғаламға қарсы — бұл тек комуфляж ғана одан баска ештеңе емес.

Қарапайым әскери әдістермен халықаралық лаңкестікті жеңе алмаймыз, себебі лаңкестікті бастап отырған адам әрдайым өзінің қатарына қарапайым адамдарды алады.

Лаңкестікті басқарып отырған адам «кішкентай» адамның мінез-күлқын жақсы біледі. Олар оның барлык санасын шындыққа және соған үқсас нәрсенің күрескері сияқты керемет бір оймен толтырып қояды, қолына кару- жарақ, жарлығыш зат, пышак беріп, «Боингке» отырғызып, өзі сияқтылардын өмірін қиюға жібереді. АҚШ-тың бүкіл дүние жүзілік сауда орталығы мүнарасында ақ, қара, сары , христиан, мүсылман, иудей  көптеген рассалар мен халықтардың өкілдері қаза тапты.

Тарихқа терең үңілетін болсак, ежелден адамзат арасында, билік адам баласына материалдық игіліктер алып келіп, моральдык, адамгершілік түсінігі жоқ кейбір адамдар кек ала бастаған кезден — ақ лаңкестік бар.

XX ғасырда ол шегі жоқ апатқа айналды, оған дүние жүзендегі ғылыми — техникалық прогресс пен кейбір діни экстрималдық ағымдардын билікке таласуы әсер етті. Көлік және халықаралық қатынас құралдарының дамуы, бірден лаңкестік ісімен айналысатындардың жұмыс жүргізуін өсіріп жіберді. Кез-келген мемлекеттің астанасына таймері бар жарылғышты қойып, лаңкес қауіпті жерден жүз тіпті мың шакырым жерде болады.

Біздің заманымыздағы лаңкестікке ең жоғарғы техникалық деңгеймен камтамасыз етіліп, дайын түрған барлық күштер тән. Лаңкестер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жаңа ғылыми — техникалық жетістіктерді колдануға тырысады. Жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкіндігі, ерекше қауіп туғызады. Бүгінгі танда ядролық, химиялық, радиобелсенді, электромагнитті, биологиялық және басқа да қару түрлерінің сыңарларына қол жеткізу қиын емес. Лаңкестіктік актілердің зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар ғана емес, ірі масштабты апаттар болуы мүмқін.

Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекет коғамдык қауіпсіздікті бүзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ак аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқытса — үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Терроризмге қарсы әрекеттің негізгі принциптері мен мақсаттары.

  1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет:
  • ланкестік қылмыс салдарынан кауіп төнген адамдардын өмірі мен денсаулығын, түлғалардың құқықтарын қорғаудың басымдылықтары;
  • зандылықты кадағалау;
  • лаңкестіктің алдын алу басымдылықтары;
  • лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның болмай калмайтындығы;
  • алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, насихат шараларын кешенді пайдалану;
  • лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен құралдарға басшылык жасау дара басқару принциптеріне негізделеді.
  1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет:
    • лаңкестік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау, тию және оның зардаптарын жою;
    • жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен корғау;
    • лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыруға жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
 

 

Лаңкестік әрекеттің күдікті заттары

 

Өндірістік авария мен апаттар

Өндірістік авария — бұл жұмыстың кенеттен тоқтап қалуы немесе өнеркәсіп кәсіпорнында, транспортта, халық шаруашылығының басқа да объектілерінде өндіріс процесінің бұзылуы, ол материалдық игіліктердің зақымдануына немесе жойылып кетуіне, адамдардың жарақаттануы мен еліміне әкеп соқтыруы ыктимал. Өндірістік авария зардаптарының сипаты аварияның түрі мен көлеміне, кәсіпорынның ерекшеліктеріне және авария болған кездегі жағдайларға байланысты болады. Өрттер мен жарылыстар, әдетте, ipi аварияның салдарынан шығады, оның зардабынан өндірістік және тұрғын үйлер, тех­ника мен жабдықтар қирайды немесе бүлінеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарында өте жоғары қысымда жұмыс істейтін қазандардан, баллондар мен кұбырлардан, шахталарда газ бен көмір тозанынан, мебель және ағаш өңдеу комбинаттарындағы лак-бояу заттарының буы мен ағаш тозанынан жарылыс жиі бола­ды. Авария кезінде шығатын өрт пен жарылыстың болуына өз кезегінде электр сымдарының зақымдануы, газ кұбырларының бүлінуі, жұмыс істеп тұрған өрт кондырғылары мен аспаптарының істен шығуы сияқты қосымша құбылыстар себепші болуы мүмкін. Кейбір реттерде, әсіресе мұнай, химия және газ өнеркәсібінде авария атмосфераның газдануына, мұнай өнімдерінін, іріткіш, бүлдіргіш сұйықтар мен өте күшті улы заттардың төгіліп, шашылуына себеп болады.

Авария — автомобиль, cy және әуе транспортында апат, темір жолдарда кездеседі. Ipi аварияның кауіпті зардаптары цехтық құрылыстар мен транспорттық галереялардың бүлінуі болып табылады. Өрттер кезінде металл конструкцияларынын өте қатты қызып кетуінен цехтардың шатыр аркалығы бүлінеді.

Өндірістік аварияның шығуына стихиялық апат, құрылыстарды жобалау және салу кезінде жіберілген кемістіктер, техникалық жүйелерді монтаждаудағы қателіктер, өндіріс технологиясы мен ғимараттарды, транспорттарды, жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді іске қосу ережелерін бұзу себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ өндірістік авария еңбек және технологиялық тәртіптің төмендеуінен, техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталынбауынан, әсіресе, өрт және жарылыс қаупі бар объектілерде өрт сөндірудің прогрессивті жүйелерінің нашар енгізілуінен, үйлер, ғимараттар мен жабдықтардын және т. б. жайына тиісті қадағалаудың жоқтығынан да болуы ықтимал.

Авария кейде жобалау барысында объекті мен жергілікті жер жағдайы ерекшеліктерін толық есептемеу салдарынан болады. Мүндай жағдайларда аварияның тікелей шығуына конструкцияларды климаттық жағдайлар мен агрессивтік өндірістік орта әсерінен туатын коррозиядан қорғаудың болмауынан, төменгі температураның әсер етуінен, дірілден, ылғалдықтың жоғарылауынан, қардың қалыңдауынан және т. б. қорғалынбау себеп бо­лады.

Сондай-ақ жеке ғимараттарды пайдалану ережелерін бүзу да аварияға әкеп соқтырады.

Әрбір нақты авария бірнеше себептердін, бір сыпыра колайсыз факторлар жиынтығының салдары болып табылады. Жаппай кездесетін жағдай жобалау кезінде жіберілген кателік құрылыс пен монтаж жұмысын жүргізу кезіндегі қателікке қосылады да кейіннен мүның барлығы дүрыс пайдаланбауды күшейте түседі. Әдетте мүндай жиынтықтың салдары аварияға үшыратады. Халық шаруашылығы объектілерін аварияға ұшырататын «адамдық» факторлардың айқынырақ көрінер жері өндірістің технологиялык процесі мен техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзушылық болып табылады.

Кәсіпорында аварияның болуы ықтималдығы себептерін зерттеу және жұмысшылар мен кызметшілерге және жақын маңда тұратын халыққа кәсіпорынның төндіріп отырған қаупін жан- жақты бағалау, біріншіден, аварияны болдырмау жөніндегі шараларды дұрыс аныктауға, екіншіден, адамдарды қорғау жөніндегі және авария болған кездегі шығынды азайтуға бағытталған қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.

 

2.2 ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Заңның негізгі міндеті Қазақстан Республикасы аймағындағы төтенше жагдайға байланысты қоғамдық қатынастарын реттеу болып табылады.

Онда алғаш рет нақты ұғымдар мен терминдердің анықтамасы берілген:

төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соқкан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардын денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бүзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақтатуындаған жағдай;

табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар — дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкің, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індегтер мен малдың жүқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан кауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр — энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

төтенше жағдай аймағы — төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ;

авария — технологиялық үрдістердің бүзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

зілзала — төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын кұбылыс;

апат — аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылады (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды).

Заңға сәйкес бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауға байланысты барлық іс — шаралардын басты мақсатты — ең алдымен кауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл талаптар әр түрлі ТЖ кезінде халық пен шаруашылық нысандары қорғаудық негізгі ұстанымдарда  айтылған және оған мыналар қосылады:

— болжанатын және пайда болған ТЖ туралы халыққа хабарлау және бірауызды ұйымдастыру, алдын алу және жою бойынша шаралар;

— азаматтар мен ұйымдар қызметтерінің зияндығы мен кауіп -қатерінің дәрежесін алдын ала анықтау, халыкты қорғау және ТЖ алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру әдістеріне оқыту;

— міндетті түрде ТЖ жою бойынша кұтқару, авариялық — қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек пен әлеуметтік қорғау корсету.

Заңда аса маңызды орынардың бірі ТЖ-нын алдын алуға бағытталған кешеңді шаралардың жүзеге асырылуына беріледі.

Занда ТЖ немесе басқа да жағдайлардың пайда болуына төтеп беретін қорғаныс шараларын жүргізуге назар аударылады.

Ерекше маңыздылыкты, зардап шеккейдерге өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын жою бойынша барлық операциялардың жоспарлығы және мақсатты бағытталуы алады. Заңның 20-22 баптарында баяндалған талаптармен, ТЖ болдырмау немесе жою бойынша бірінші кезектегі шараларды міндетті түрде орындау қарастырылған.

Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, авариялық — құтқару қызметінің кұралдары мен күштерін тарту, жоспармен қарастырылған шараларды ұйымдастыру жауапкершілігі бірінші ұйымдардың басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

Жою үрдісінде өте қажет болған жағдайда апат медицина орталығының шұғыл медицина көмек қызметі қосылады, ал аса қажет болғанда орталық және жергілікті аткарушы органдарының медициналық күштері мен кұралдары қосылады.

ТЖ жойылғаннан кейін атқарушы органдар, ұйымдар міндетті түрде халық пен шаруашылық нысандардың тіршілігін жедел қалпына келтіру шараларын жүргізуі тиіс.

Бұл мәселе туралы Занда басшылардың, лауазымды тұлғалардың, орталық және жергілікті, өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен қатар ҚР азаматтарының кызметтері анықталады.

Заңның 10-13 баптарында ТЖ саласындағы ҚР үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар жергілікті өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған.

Заң негізгі орындаушылардың — ҚР азаматтарының нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның 7 және 8 баптарында көрсетілген.

 

 2.3 «Азаматгык корғаныс туралы» ҚР Заны 07.05.1997ж.

Күннен күнге дамитын мемлекеттің халықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының шарттарына, экономика қызметінің тұрақтылығына, халықтың әлеуметтік қамсыздығына байланысты мемлекеттің аса бір маңызды қызметі, қауіпсіздік шараларының кұрама бөлігі — Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен енгізу болып табылады.

Бұл ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңда нақты көрініс тапты.

Заңда көрсетілген анықтама бойынша азаматтық қорғаныс бүл-басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізуші нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

Заң ҚР Азаматтық қорғанысының кызметін, негізгі міндеттерін, кұру, ұйымдастыру қағидаларын ашық көрсетеді, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың және мемлекеттік органдар қызметтерінің өкілеттілігін анықтайды.

АҚ туралы заң барлық басқару және өкімет органдарына, ұйымдар мен ҚР барлық азаматтарына таратылады.

Заңда АҚ-ның негізгі міндеттері қарастырылады.

АҚ туралы заң ҚР төтенше жағдайлар туралы заңнамасының негізгі ережелері мен талаптарын бекітеді, дамытады және толықтырады.

Сонымен бірге Азаматтық қорғанысты ені ізу мен ұйымдастыру бойынша нұсқаулықпен сәйкес, жүргізілетін қорганыс шаралардын көлемі, ТЖ сипатымен, экономикалық және қаланың қорганыс ерекшелігімен, жергілікті жағдай және шаруашылық нысандарының ерекшелігімен анықталады.

Азаматтық қорғаныстың шараларын кешенді және дифференциалды жүргізу мақсатында, оларды жүзеге асыруда жұмсалатын мемлекеттік шығынды халықты қорғау деңгейін түсірмей колайлы жұмсау, аумақ пен ұйымдардың маныздылық дәрежесін есепке ала отырып, қалаларды топтарға (ерекше топ, 1,2,3 топ), ал үйымдарды азаматтық қорганыс санаттарына (ерекше қажетті, санатталған) бөлу жүзеге асырылады.

Занда ТЖ пайда болған және пайда болу қаупі бар кездегі хабарландыру мен ақпарат жүйесіне ерекше назар аударылады. АҚ-ның сиренамен және басқа да дабыл кұралдарымен берілетін бірыңгай белгісі «Баршаныздын назарынызға!» дабылы болып табылады.

Заңда АҚ талаптарын орындалуын бақылаумен ұйымдастыру, басқару бойынша жұмыстың нақты қойылымын АҚ шараларын іске асыру мәселелерінің ерекше маңыздылығы белгіленген.

ҚР АҚ туралы заңына сәйкес:

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Премьер — Министр жүзеге асырады және лауазымы бойынша ҚР АҚ бастығы болып табылады;

орталык және жергілікті аткарушы органдарда, ұйымдарда

Азаматтық қорғаныс басшылығын лауазымы бойынша АҚ бастығы болып табылатын, (министрлер, облыс, қала, аудан әкімдері, ұйымдардың бірінші басшылары) бірінші басшылар жүргізеді.

Олар жұмыстың ұйымдастырылуына, АҚ шараларының орындалуы мен жағдайына дербес жауапкершілікті алады.

АҚ шараларының орындалуы сәйкес атқарушы органдарға жүктеледі, олар мынадай түрде кызмет етеді:

елдің, облыстың, қаланың — ҚР ТЖМ орталық аппараты;

ауданның, аудандық қаланың

ауқымында — департамент, бөлім немесе әкім аппаратына жауапты қызметкер;

орталық атқарушы органда — бөлім немесе ТЖ және АҚ бойынша бас маман;

ұйымдарда- АҚ Штабы немесе ТЖ және АҚ саласынан босатылған, ұйымының АҚ бастығына бағынатын маман.

Қажет болған жағдайда АҚ-ның арнайы шараларын орындау және бұл мақсатта дайындықтарды күш пен кұралдармен қамтамасыз ету үшін, АҚ және ТЖ қызметтері құрылады, ал АҚ көшіру шараларын жүргізу үшін — АҚ бастығына бағынатын көшіру, көшірілген халықты қабылдау комиссиялары құрылады.

АҚ шараларын жүзеге асыру оның негізгі ережелерінің нақты бағытталуын, АҚ құрылымының ішкі құрамын дайындап және оқытуды ұйымдастыру, әр түрлі жағдайда әрекетке калыптасу әзірлігін жүйелік тексеруді талап етеді.

Сондықтан АҚ кұрылымынын ішкі кұрамымен заңға сәйкес міндетті түрде белгіленген мерзімде жоспарлық тәжірбиелік сабақтар жүргізу; тағайындау бойынша тапсырманы орындау үшін дайындықтың тиімді түрін, арнайы — тактикалық жаттығулар жүргізу; жиналу және хабарлау бойынша жаттығулар жүргізуі тиіс.

Азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарда АҚ күштеріне маңызды орын беріледі, олар Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінен, Азаматтық қорғаныс құрылымдарынан және АҚ және ТЖ кызметінің құрылымдарынан, жедел — кұткару отрядынан, әскериленген және мамандандырылған авариялық — қүтқару қызметінен және өрт бөлімшелерінен түрады.

Олар бейбіт және соғыс уақытында ТЖ пайда болуы мен пайда болу қаупі бар кезінде кұткару және басқа да шұғыл жұмыстарды белсенді түрде іске асыруға катысады.

Соған байланысты АҚ күштері окытылып, техникамен, құралдармен және адамзат ресурстарымен сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

АҚ туралы заңды мына ережелер қорытындылайды: қаржыландыру, материалды — техникалық жабдықтау, барлық өкімет және басқару органдарының өкілеттілігін анықтайтын нысандарға сараптама жүргізу және занның ңегізгі талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті ұйымдастыруды қарастыру.

 

2.4 ҚР АҚ және ТЖ саласындағы зандарынын рөлі мен маңызы

Қәзіргі уақытта әлемде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кері әсері аса үлкен мәселе болып отыр. Олардың экономикаға, қарулы күшке, мемлекеттің үлттық қауіпсіздікке әсер етуі барлык жерде дерлік белгіленуде. Сондықтан, ТЖ алдын алу, жою, шаруашылық нысандардын тіршілігін қалпына келтіру, төтенше жағдайға түскен халық пен аймақ мәселелерінің барлығы мемлекеттік маңыздылықты алуда.

Бұл міндеттердің тиімді шешімі көбіне сәйкес заңнамалық — құқықтық базаның болуына байлаңысты.

Қазақстан Республикасында мұндай база негізінен құрылған. Тіршілік кауіпсіздігінің негізгі мәселелерін қозғайтын 40 — тан астам заңнамалық актілер енгізілген, оған сәйкес нормативті және заңды кұжаттар қабылданды. ТЖ-ны ескерту мен зардабын жоюға байланысты мемлекеттік жүйе дайындалып, күшіне енді, басқару оргаңдарының, ТЖ-ны қадағалау мен мемлекеттік бақылаудың қайта құрылу құрылымы аяқталды.

Қазақстан әлемде өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетіп, ең кұнды қазынасы — адам, оның өмірі, құқығы мен тәулесіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан ТЖ саласында туындаған мәселелер бүгінгі таңда маңызды орынға ие. Оларды шешуде басты жағдай мен заң талаптарын білу, оларды орындау — маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі таңда күшінде бар, ТЖ мәселелерін қозғайтын заңдар мемлекеттің құрылуы мен экономикасының өркендеу қарқынына, туындаған проблемалар мен тапсырмаларды ескере отырып талданып, дайындалған. Ол әсіресе, тіршілік кауіпсіздігін камтамасыз етудегі барлық мәселелерді қамтитын ҚР негізгі заңдарынан көрінеді. Олардын ішінде басты орынға ие:

ҚР 05.07.1996ж. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» Заңы мен ҚР 07.05.1997ж. «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы.

Кушіне еңгеннен бері бүл зандардың талаптары мемлекетіміздің барлык билік органдары мен басқару органдары, ұйымдар мен кәсіпорындар, жергілікті таныстырушы және атқарушы органдар, азаматтар, мемлекет территориясында жұмыс істеушілерге міндетті талап болып табылады. Бүл заңдарда барлык дерлік талаптар көрсетілген:

  • ТЖ алдын алу мен зардадын жою, халықтың өмір суруі мен шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша;

— Бейбіт және соғыс уақытында халықты, мемлекет территориясын Азаматтық қорғаныспен қамтамасыз ету бойынша;

— ТЖ мен АҚ қызметін ұйымдастыру мәселесі жөнінде, ТЖ кезіндегі ақпарат, байланыс және хабарландыру, сақтық шараларын жургізу, қаржыландыру, материалды — техникалық қамтамасыз ету бойынша;

Оларда:

— өкімет пен басқару органдарының, сайланған өкілет және қоғамдық органдарының негізгі міндеттері мен және окілеттігі;

— осы мәселелердегі азаматтардың нақты қызметтері;

— лауазымды тулғалар, атқарушылар мен азаматтардың, ереже мен қауіпсіздік нормаларын, стандартты дөрекі бузған жазаланушылардың жауапкершілігі нақты көрініс тапты.

Бүл Заңдарды іс жүзінде енгізу, мына зандарға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізу кажеттілігін тудырды: ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы, ҚР «ҚР Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» Заңы, еліміздін құқық қорғау органдары мен әлеуметтік жеңілдіктер, өгемақы, зейнетакымен қамтамасыз ету мәселелері де өзгертіліп толықтырылды.

 

ТЖ және АҚ мәселелерін козғайтын заңдарды пайдалану жиынтығы:

— еліміздің табысты даму жағдайын;

— мемлекеттің аумағы мен халқының тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерінің орындалуын;

— бейбіт және соғыс уақытында халықты азаматтық қорғау, ТЖ-ды жою, ескерту саласында мемлекеттің бір бағыттағы саясатын енгізуді қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Берілген тақырыпқа байланысты сабақты өткізу әдістемесі

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы Қазақстан Республикасында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың түрлерімен таныстыру және олардан қорғану жолдарың үйрену.

Сабақтың уақыты: 45 минут.

Сабақ өтетін орын: Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі пәнін өткізуге арналған кабинеті.

 

Көрнектілік құралдар: Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі пәніне арналған оқулықтар, оқу құлардары.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут, амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру, сабаққа дайындығың анықтау.

 

Негізгі бөлім – 30 минут.

1) сабақтың әдісі: әңгімелесу, тусіндіру, сұрақ-жауап;

2) оқу сұрақтары:

а) ҚР азаматтық қорғаныс заңдарының маңызы;

б) табиғи техногендік соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар;

в) ТЖ түрлеріне байланысты құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Қорытынды бөлім – 10 минут

 

ҚР азаматтық қорғаныс заңдарының маңызы

 

Қазіргі уақытта әлемде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кері әсері аса үлкен мәселе болып отыр. Олардың экономикаға, қарулы күшке, мемлекеттің үлттық қауіпсіздікке әсер етуі барлық жерде дерлік белгіленуде. Сондықтан, ТЖ алдын алу, жою, шаруашылық нысандардың тіршілігін қалпына келтіру, төтенше жағдайға түскен халық пен аймақ мәселелерінің барлығы мемлекеттік маңыздылықты алуда.

Бұл міндеттердің тиімді шешімі көбіне сәйкес заңнамалық — құқықтық базаның болуына байлаңысты.

Қазақстан Республикасында мұндай база негізінен құрылған. Тіршілік кауіпсіздігінің негізгі мәселелерін қозғайтын 40 — тан астам заңнамалық актілер енгізілген, оған сәйкес нормативті және заңды кұжаттар қабылданды. ТЖ-ны ескерту мен зардабын жоюға байланысты мемлекеттік жүйе дайындалып, күшіне енді, басқару оргаңдарының, ТЖ-ны қадағалау мен мемлекеттік бақылаудың кайта құрылу құрылымы аяқталды.

Қазақстан әлемде өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетіп, ең кұнды қазынасы — адам, оның өмірі, құқығы мен тәулесіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан ТЖ саласында туындаған мәселелер бүгінгі таңда маңызды орынға ие. Оларды шешуде басты жағдай мен заң талаптарын білу, оларды орындау — маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі таңда күшінде бар, ТЖ мәселелерін қозғайтын заңдар мемлекеттің құрылуы мен экономикасының өркендеу қарқынына, туындаған проблемалар мен тапсырмаларды ескере отырып талданып, дайындалған. Ол әсіресе, тіршілік кауіпсіздігін камтамасыз етудегі барлық мәселелерді қамтитын ҚР негізгі заңдарынан көрінеді. Олардын ішінде басты орынға ие:

ҚР 05.07.1996ж. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы» Заңы мен ҚР 07.05.1997ж. «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы.

Кушіне енгеннен бері бүл заңдардың талаптары мемлекетіміздің барлык билік органдары мен басқару органдары, ұйымдар мен кәсіпорындар, жергілікті таныстырушы және атқарушы органдар, азаматтар, мемлекет территориясында жұмыс істеушілерге міндетті талап болып табылады. Бүл заңдарда барлық дерлік талаптар көрсетілген:

  • ТЖ алдын алу мен зардадын жою, халықтың өмір суруі мен шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша;

— Бейбіт және соғыс уақытында халықты, мемлекет территориясын Азаматтық қорғаныспен қамтамасыз ету бойынша;

           — ТЖ мен АҚ қызметін ұйымдастыру мәселесі жөнінде, ТЖ кезіндегі ақпарат, байланыс және хабарландыру, сақтық шараларын жургізу, қаржыландыру, материалды — техникалық қамтамасыз ету бойынша;

Оларда:

— өкімет пен басқару органдарының, сайланған өкілет және қоғамдық органдарының негізгі міндеттері мен және окілеттігі;

— осы мәселелердегі азаматтардың нақты қызметтері;

— лауазымды тулғалар, атқарушылар мен азаматтардың, ереже мен қауіпсіздік нормаларын, стандартты дөрекі бузған жазаланушылардың жауапкершілігі нақты көрініс тапты.

 

Бүл Заңдарды іс жүзінде енгізу, мына зандарға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізу кажеттілігін тудырды: ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы, ҚР «ҚР Қорганыс және Қарулы Күштер туралы» Заңы, еліміздін құқық қорғау органдары мен әлеуметтік жеңілдіктер, өгемақы, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері де өзгертіліп толықтырылды.

ТЖ және АҚ мәселелерін козғайтын зандарды пайдалану жиынтығы:

  • еліміздің табысты даму жағдайын;
  • мемлекеттің аумағы мен халқының тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерінің орындалуын;

— бейбіт және соғыс уақытында халықты азаматтық қорғау, ТЖ-ды жою, ескерту саласында мемлекеттің бір бағыттағы саясатын енгізуді қамтамасыз етеді:

 

Табиғи, техногендік, соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар

төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардын денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нүксан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жагдайын бұзган немемсе бүзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақтатуындаған жағдай;

табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар — дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкің, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індегтер мен малдың жүқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан кауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр — энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

төтенше жағдай аймағы — төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.

авария — технологиялық үрдістердің бүзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

зілзала — төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын кұбылыс;

апат — аймақтык және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынынын көлеміне қарай топтастырылады (нысандык, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды).

 

 

ТЖ түрлеріне байланысты құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

 

Орман өрттерін қолданылып жүрген ережелерге сәйкес қарамағында орманы бар ұйымдар мен кәсіпорындар өз күштерімен және өз құралдарымен өшіреді.

Егер өртті өшіре алмаса, онда орман шаруашылығында немесе өрт шыққан елді мекенде жұмыс тоқтатылады да қолдағы бар күш және кұралдар отқа қарсы күреске жұмсалады.

Орманшылық пен орман шаруашылықтарының қарамағында орман шаруашылығы кәсіпорындарының өртке қарсы күрестегі негізгі күші болып саналатын өртке қарсы химиялық станциялар (ӨХС) — арнаулы бөлімшелер болады.

Өртке қарсы химиялық станциялардың екі түрі бар.

Орман шаруашылығында құрылатын өртке қарсы химиялық станциялардың бірінші түрінің 7 адамға шамалас командасы, өртке қарсы автоцистернасы (немесе өртке қарсы жиналмалы цистернасы бар жүк машинасы), ГАЗ — 69 автомашинасы, дөңгелекті мотоциклі, сондай-ақ кіші габаритті немесе қозғалмалы мотопомпасы алып жүруге қолайлы бүріккіші, жеңіл механикаландырылған ңемесе қолға ұстап жүретін өртке қарсы құралы болады.

Өртке қарсы химиялық станциялардың екінші түрі ормандағы өрт қаупіне қарай жабдықталады әрі екі және одан да көбірек өртке қарсы автоцистернасы немесе жүк автомашиналары, өртке қарсы кез келген жерден жүре алатын қолайлы машиналар мен арнаулы орман өртіне қарсы агрегаттары бо­лады. Оның үстіне, мұндай станцияларға топырақ өңдегіш сайманды тракторлар мен бульдозерлер бекітіліп берілуі мүмкін. Командасы 15—20 адамнан құралады.

Ормандарды өрттерден корғау, сондай-ак оған карсы қолма-қол куресу үшін өрт каупі бар орманды аудандарда өртке қарсы химиялық станциялардан басқа тиісті жерлерде оперативті авиациялық бөлімшелер авиабазалар құрылған.

Жасақтар орман өртіне қарсы қолданылып жүрген нормаларға сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Халық шаруашылығы объектілеріндегі азаматтық қорғаныс бастықтары ерте бастан өртке қарсы құралдарды дайындайды және жасақтардың адам құрамына өртке қарсы күрес тәсілдерің үретуді ұйымдастырады.

Азаматтық корғаныс жасактарының орман өртін өшіру және жайылуына тосқауыл жасау кезінде ойдағыдай әрекет етуі едәуip дәрежеде адам құрамының орман өртіне қарсы күреске сақадай сай түруына байланысты. Жасақтардың өртке қарсы куресу жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру үшін практикалық оқулар мен жаттығулар өткізіледі.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының территориясында өте-мөте жиі болып тұратың стихиялық апаттар: ол жердің сілкінісі, өрт, су тасқыны мен селдер, боран мен дауыл т.б. және қарышты ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде пайда болған технологиялық процестердің бузылуынан болатың авариялар, апаттар, кезіндегі төтенше жағдай ларда адамдардың өмірің сақтау немесе материалдық шығындарды төмендетуге байланысты іс-әрекеттерді жүргүзу ұрету.

Бір кездерде жұмбак болған әрі жойқын зардабын тигізген көптеген кұбылыстар енді жақсы зерттеліп, адам оларға карсы күресуді үйреніп алды. Дегенмен, әлі де адамның ырқына көне қоймаған табиғат күштерінің стихиялық әрекеті біздің мемлекет экономикасын орасан зор шығынға ұшыратуда. Оман мен шым тезек өрті, жер сілкіну мен cy тасқыны, селдер мен шөккіндер, қар көшкіні, боран мен дауыл — өте-мөте жиі болып тұратын стихиялык апаттардың бір- қатары, міне, осылар. Одан келетін шығын әлі де едәуір көп болып отыр.

Диплом тақырыбына байланысты істелінген жұмыстар ол Қазақстан Республикасындағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғаныс түралы» заңдарың басшылыққа ала отырып елімізде болуы мұмкін төтенше жағдайларды зерттеп, мысалы жер сілкінгенде, өрт кезінде, су тасқыны, сел және т.б. оларды болдырмаға алдың ала істелетің жұмыстар және стихиялық апат болғаннан кейнгі құтқару, қалпына келтіруге байланысты іс-әрекеттерді жүргізуді, ұйымдастыру шаралары қарастырылған.

Жер сілкінудін зардаптарын жоюда бірінші кезекте мынадай құтқару және авариялык шұғыл қалпына келтіру жұмыстары icке асырылады: барлау жүргізу; зақымданғандарды, үйінділердің астында калғандарды шығару және шала қираған өртеніп жатқан үйлерде калған баска да адамдарды құтқару; жасақтар жұмыс істеп жатқан объектілерге баруды және зақымданғандарды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін үйінділердің үстінен өтетін жолдар жасау; зардаптары адам өміріне кауіп төндіретін, құтқару жұмыстарын жургізуге кедергі жасайтын немесе елеулі материалдық шығынға ұшыратуы ықтимал коммуналдық – энергетикалық желілер мен технологиялық желілердегі аварияларды тоқтату және жою; авариялық жағдайда тұрған үйлер мен ғимараттар конструкциясын құлатып тастау немесе нығайту; зақымданғандарды жинайтын мекендер мен медициналық пункттерді жабдықтау; сумен қамтамасыз етуді үйымдастыру.

Жep сілкіну зардаптарын жоюға байланысты құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын іске асырудың бірізділігі мен мерзімдерін жер сілкінген аймақта болған кала (объект) азаматтық корғанысының бастығы белгілейді. Ол пайда болған жағдай туралы мәліметтерге негізделе отырып, құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, онда мыналарды: қаланың қай аудандарына (кай объектілеріне) негізгі күштер шоғырландырылатынын; азаматтық қорғаныс күштерінің міндеттерін және оларды жұмыс істелетін объектілерге апару тәртібін; жұмыстардың басталуы мен қанша уақытқа созылатынын; жұмысты жүргізетін күштерді басқаруды және олардың әрекетін қамтамасыз ету тәртібін шешіп алады.

Барлау бүлінудің түрін, адамдарды құтқару жұмыстарының кезектілігін және көлемін анықтайды.

Барлау буындары немесе топтарының құрамынан бөліп шығарылған шолғыншылар Жер сілкінген аймақ арқылы транспорт құралдарымен немесе жаяу жылжиды.

Барлау: жасақтардың жұмыс істелетін объектілерге қарай кысқа да неғұрлым қауіпсіз жылжу маршруттарын; үйлер мен ғимараттардың, коммуналдық — энергетикалық шаруашылық желілерінің бүліну дәрежесін және өзгешеліктерін; зақымданған адамдардың тұрған жерлері мен оларға қаншалықты қауіп төнгенін.

Жұмыс істелетін объектілерге қарай жылжу маршруттарын барлағанда үйінділердің түрлері, үйінді басып қалған учаскелер шашамен қай жерге дейін созылатыны және өтетін жолдар салудың анағүрлым тиімді тәсілдері айқындалады. Жүретін маршруттарды тандағанда жұмыс көлемінін анағұрлым аз болуы көзделеді. Коммуналдық шаруашылық тораптарының бүлінуі салдарынан cy басып кеткен учаскелерде аварияларды жайылдырмау жөніндегі жұмыстардың түрлері мен көлемі анықталады, cy басқан учаскелерден өтетін айналма жолдар табылады.

Бүлінген үйлер мен ғимараттарды көзден өткізгенде әуелі сырткы ірі дуалдардың және жанама құрылыстардың (балкондардың, кенере — ернеулердің жағдайын, содан кейін үйдің ішкі жайларын тексереді әрі адамдар тұрған жерлерді белгілейді.

Барлау коммуналдық және энергетикалық шаруашылықтардың тораптары мен ғимараттарында аварияның шыққан жерлері мен ерекшеліктерін, жұмыстардың көлемін тағы да оларды токтатуға қажетті күштер мен құралдарды белгілейді. Сонымен жарылғыш әрі өрт шығарғыш қауіпті өнімдері бар объектілердегі техникалық қондырғылар мен кұбыр өткізгіштерге айрықша назар аударылады.

Сумен жабдықтау көздерін барлауда cy кашалары мен насос станциялары құрылыстары және жабдықтарының cy қашасы колонналары мен артезиан скважиналарының бөлістіргіш тораптарының техникалық жағдайы тексеріледі; cy қашалары құрылыстары мен насос станцияларын қалпына келтіру жұмыстарынын түрлері және көлемі аныкталады.

Жұмыс барысында жасалған іс-әрекеттер нәтіжесінде ұсынылған тақырып қойылған талаптарына лайық әзірленген.

Қорыта айтқанда жалпы дипломдық жұмыс көлемі, мазмұны, сапасы жөнінен қойылған мақсатына жетті деуге болады.  

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Закон РК от 05.07.96г. «О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера».

  1. Закон РК от 27.03.97г. «Об аварийно-спасательной службе и статусе спасателей».
  2. Закон РК от 07.05.97г. «О гражданской обороне».
  3. Постановление Правительства РК «Вопросы Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям № 1539 от 17.11.97г.
  4. Постановление Кабинета Министров РК от 30.09.93г. № 969 «О мерах по созданию системы обучения населения и специалистов по предупреждению и действием ЧС».
  5. Распоряжение председателя ГКЧС № 4/40 от 16.01.96г. «О всеобщем обучения населения мерах защиты и действиям в ЧС и повышения готовности аварийно-спасательной службы».
  6. ГК ЧС № 43 от 18.09.97г. «О введении в действие Положения о формированиях ГО и примерные нормы оснащения их материально-техническими средствами».
  7. ГК ЧС № 40 от 28.08.97г. «О введении в действие по организации и проведению эвакуационных мероприятии».
  8. Гражданская оборона. Учебник для ВТУЗ-ов. М, 1986г.
  9. Информационно-методический сборник материалов по

чрезвычайным ситуациям и гражданской обороне АЧС РК.

  1. Лебедев Ю.А., Серебряков   В.П.   Бактериологическое   оружие иностранных армии и защита от него. М, 1983г.
  2. Латчук В .Н. Основы безопасности жизнедеятельности М, 2002г.
  3. Топоров Н.К. Учебное пособие «Основы безопасности жизнедеятельности», М. 1985г.
  4. Шубина Е.П. Гражданская оборона. М. Просвещение, 1991г.
  5. Справочник по поражающему действию ядерного оружия. М. Военное издательство, 1986г.
  6. Алтунин А.Т. Формирования ГО в борьбе со стихийными бедствиями. М.: Стройиздат. – 1978г.
  7. Каммерер Ю. Аварийные работы в очагах поражения. М.: Просвещение. -1980г.
  8. Николаев Л.А. Оновы защиты населения от ОМП. — Минск.1988г.
  9. Попов Г.А., Петров П.П., Турлыбеков Ж.Т. Научно- технический прогресс, окружающая среда и здоровье населения. Алма-Ата: Казахстан.-1984.
  10. Мырзабеков М. Жазатайым жаракдг алсаныз. Алматы. — 1986.
  11. Цивилев М.П. и др. Инженерные работы в очаге ядерного поражения. М. Военное издательство. 1978г.