Досын құтқарамын деп суға кеткен 8 жастағы баланың денесі табылды

Ингушетияда Сунжа өзеніне батып кеткен 8 жастағы Хизирдің денесі табылды. Ол бірнеше күн бұрын суға кетіп бара жатқан досын құтқармақ болып, өзі қатты ағысқа түсіп кеткен деп хабарлайды Altyn-Orda.kz
Қайғылы оқиға 15 маусымда Яндаре ауылы маңында болған. Балалар өзен жағасында жүрген кезде олардың бірі суға бата бастаған. Сол сәтте Хизир еш ойланбастан досына көмекке ұмтылған. Басқа бала ересектерді шақыруға жүгірген.
Суға кеткен баланы аман алып қалу мүмкін болған. Алайда Хизирді өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу жұмыстары басталды.
Бірнеше күн бойы құтқарушылар, сүңгуірлер және мыңдаған ерікті өзен арнасын қарап шықты. Іздеу жұмыстарына Ингушетия тұрғындарымен қатар басқа да Кавказ республикаларынан келген шамамен 6000 адам қатысқан .
Өкінішке қарай, баланы тірі табу мүмкін болмады. Хизирдің денесі табылғаннан кейін іздеу жұмыстары аяқталды.
Толығырақ: Altyn-Orda.kz










