Едіге Қасымбек – еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионы!

18 жастағы қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатында 125 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды  деп хабардайды Altyn-orda.kz

Финалда ол ирандық спортшы Аболфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жүлдегер атанды:

Досжан Күлғайып – 74 кг салмақта

Самир Дурсунов – 97 кг салмақта

Бұл нәтиже қазақстандық еркін күрестің жаңа буынының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.