Елімізден заңсыз шығарылған миллиардтар мектеп, аурухана және таза су құрлысын салуға бөлінуде

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару Қазақстан үшін жай ғана экономикалық қадам емес, әділеттілікті қалпына келтіру мен болашаққа инвестиция салу құралына айналды. Бір кездері мемлекеттің бақылауынан шығып кеткен бұл қаражат енді қоғам игілігіне қызмет етіп жатыр — мектептер, ауруханалар, су жүйелері және өзге де әлеуметтік жобалар қаржыландырылуда, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмысты қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы 12 шілдеде «Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» заң қабылданды. Заң аясында активтерді қабылдау, сақтау және іске асырумен айналысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (ҚАБК) құрылды.
Ақша түріндегі кейбір активтер Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Қалғандары — жылжымайтын мүлік пен көлік секілді мүлік — ҚАБК басқаруына өтеді және сатылады. 2025 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша қорға 103,4 млрд теңге жиналды. Жалпы түскен қаражат 433,3 млрд теңгені құрады, оның 329,9 млрд теңгесі игерілген.
Қазірдің өзінде 34 млрд теңгеге 48 нысан сатылды. Ерте темір дәуірі мен орта ғасырларға жататын құнды артефактілердің бір бөлігі Ұлттық музейге зерттеу мен сақтау үшін берілді.
Қор қаражаты 318,1 млрд теңгеге 406 әлеуметтік маңызы бар жобаға бағытталуда.
Ең басым бағыттар — ауыз сумен қамту (160,6 млрд теңгеге 230 жоба) және денсаулық сақтау (100,4 млрд теңгеге 162 жоба). Сондай-ақ білім беру (24 млрд теңге) және спорт (33,1 млрд теңге) саласындағы бастамаларға да қаржы бөлінуде.
2025 жылғы 13 маусымда өткен Республикалық бюджеттік комиссия отырысында 80 млрд теңгеден астам сомаға 73 жаңа жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде Индустрия және құрылыс министрлігі желісі бойынша 63 жоба қалалар мен ауылдарды сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған. Абай, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және басқа да өңірлерде 50-ден астам ауыл нысаны жаңартылатын болады.
Сондай-ақ мақұлданған жобалар:
-
Су ресурстары және ирригация министрлігінің 8 жобасы — топтық су құбырларын салу және қайта құру (шамамен 30 млрд теңге),
-
Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1 жобасы — Арқалықтағы ғимаратты реконструкциялау (1,9 млрд теңге),
-
Туризм және спорт министрлігінің 1 жобасы — Көкшетауда спорт кешенін салу (12,6 млрд теңге).
Осылайша мемлекет қайтарылған активтерді халық өмірінің сапасына тікелей әсер ететін жобаларға мақсатты түрде инвестициялап жатыр. Қаражаттың ашық әрі нысаналы пайдаланылуы халық сенімін нығайтып, өңірлердің дамуына ықпал етіп, Қазақстанның орнықты болашағына негіз қалап отыр.

Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда «никаб» киюге тиым салынды
01.07.2025, 12:43 -
Ақтауда түркі сәні фестивалінде 150 жылдық тарихы бар киімдер көрсетілді
01.07.2025, 11:14 -
Базар жастары киберспорттан бақ сынасты
30.06.2025, 18:15 -
Астанада 2025–2026 оқу жылына арналған балабақшаларға қабылдау басталды
30.06.2025, 13:09
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru