Енді Қырғызстанда ана тілін білмеген мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады

Енді Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлері қырғыз тілін білмегені үшін жұмыстан шығарылатын болды . Бұл туралы 27 шілдеде Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев мәлім етті, деп хабарлайды  altyn-orda.kz   . 

Осмоналиевтің айтуынша, қырғыз тілі қолжетімді және соңғы 10-15 жылда кеңінен танымал болды. Оның пайымдауынша, ел тұрғындарының тіл үйренуге деген көзқарасын өзгерту ғана қажет.
Осмоналиев журналистердiң мемлекеттiк тiлдi меңгермеген мемлекеттiк қызметшiлердiң тағдыры не болады деген сауалына да жауап бердi.

 Мемлекеттік қызметкердің тіл үйренуіне 3-4 жыл уақыт берілді .  Мемлекеттік қызметкердің қабылеті   болса, оны алты айда үйреніп алады  . Берілген уақыт  өтті. Ол жұмыстан босатылады, — деп хабарлайды ресми kaktus.media.