Қазақстан Париж олимпиадасына қатысуға ресми шақырту алды

Қазақстан Париж олимпиадасына қатысуға ресми шақырту алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. «Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Париж олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Жазғы ойындар кезінде 32 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынбақ.

 

kaz.nur.kz