Ердоған Илон Масктан Түркияға Tesla зауытын салуды сұрады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Түркия президенті жанындағы Қоғамдық істер басқармасының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында саясаткер миллиардерді Түркияда Tesla электр көлігі шығаратын жетінші зауыт ашуға шақырды. Ердоған Түркияның ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне тоқталды.

Сондай-ақ Ердоған америкалық кәсіпкерді қыркүйек айының соңында Түркияның Измир қаласында өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.