Әнші Ерке Есмахан сәбилі болды. Өнер иесінің жұбайы Райымбек Бақтыгереев ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Қош келдің, ұлым. Аллаға шүкір», — деп жазды Раим Instagram парақшасында. Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қуанышымен құттықтап, жарыса лебізін білдірді. «Құттықтаймыз», «Бауы берік болсын», «Керемет», — деп жазды желідегілер. Айта кетейік, биыл Ерке Есмахан мен Раим сәбилі болатынын бейнебаян арқылы көпшілікке хабарлаған болатын. Алайда жұлдызды жұп сәбидің кім екенін құпия қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

