Есік-тесікті тарс жауып, ешкімді кіргізбей отырғанда неден ұтамыз?
Блогер Ләззат Ахатова қытайлардың Қазақстанға визасыз кіруіне қарсы шыққандарды қатаң сынға алды деп хабарлайды 365info.kz ға сілтеме жасаған altyn-orda.kz
“Қымбатшылық қысып тұрғанда Қытаймен сауда еркін болғаны жақсы ғой, қайта. Үйренеріміз көп, ол халықтан да”, – дейді блогер.
Айтуынша, осы жағдайды пайдаланып, сауда-саттығымызды жолға қойып, экономикамызды дамытып алуымыз керек.
“Ондай режим (визасыз кіру) бұның алдында былтыр да болған екен ғой. Содан қытай қаптап, бізде қалып кеткен ештеңесі жоқ. Келгендер қайтты ғой, отандарына.
Есік-тесікті тарс жауып, ешкімді кіргізбей отырғанда, неден ұтамыз? Не өндірісіміз жоқ, не қаптаған завод, фабрикамыз жоқ. Өндіріп жатқан тасымыз да жоқ, көкірек аспанда әйтеуір.
Ана жақта өзіміздің қандастар пәлен уақыт виза алуға кезекте тұр. Оларға да бұл режим өте тиімді”, – дейді ол.