«FlyArystan-ға дат»! -Ақын қыз Айшолпан Тлеутай домбырасын тағы да ұшаққа кіргізбей тығырыққа тіреген компанияға өкпесі қара қазандай

Бұл туруалы Айшолпан Тлеутай өз инстаграм парақшасында жазған деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

FlyArystan-ға ДАТ!

Қазақ халқының асыл қазынасы, тарихтың қилы кезеңдерінен бүгінгі күнге аман-сау жеткен киелі аспап домбыраны менсінбеушілік, ұшаққа кіргізуді мұң қылып, жауапты тұлғалардың ат тонын ала қашу фактілерінің соңы жақсылықпен аяқталмасы анық.

Аталған әуекомпаниясы осымен бірнеше рет қолымдағы домбырамен әрі алысып, бері алысып, мені ғана емес, бүкіл қазақты тығырыққа тіреп отыр.

Алғашында домбырама бөлек орын алуды талап етіп, call center-ге хабарласып сол жақтан шешіңіз деді.Call центры телефон көтермейді.Не почтаға жазған хатқа жауап бермейді.Сайтта “аспапқа арналған орын” қарастырылмағандықтан жол жүретін адамның жүйкесін жұқартып бітіреді!

Шымкенттен қайтар жолда көңіл-күйімді одан да қатты бұзып билетпен бірге орын сатып алуға да рұқсат бермеді. Өз жерімде киелі домбырамды алып жүре алмасам өзегіме сын деп бортқа алып кірдім. Мәселені алдын-ала шешуге құлықсыз болған басшылар аспаппен бортқа кіретінімді біліп жетіп келді. Кінә өздерінен екенін жеткізіп,қоңырау шалсаң Call центрдың қоңырауға жауап бермегендерін,билет алып жатқанда инструментты қосу бөлімі қарастырылмағанын қызметкерлердің бос орын алуға мүмкіндік бермегенін жеткіздім. Бұл адамдар халықпен санасып, жағдайдың ушығып тұрғанында ісі жоқ, тек менімен алысып, шығарып жібермекші болды.

Ең сорақысы құдды бір қылмыскерді құрықтағандай милиция шақырып, рухымды сындырғысы келді.

Тек үлкен ақсақалдардың, көпшіліктің сынына ұшырап, резонанстың ұшын байқаған соң ғана “сатылмайтын”, “берілмейтін” орын ғайыптан пайда бола қалды.

Осылайша 7000 теңгеге орын алып домбыраны да, намысты да әрең сақтап қалдық.

Рухты елім! Өр мінезді қазағым! Бұл — жеті мың теңгенің жыры емес, бұл — бір ақын қыздың жанайқайы емес, бұл — ұлттық трагедия!

Мені екінші рет тығырыққа тіреп, намысымды таптаған FlyArystan компаниясының басшыларына бойкот жариялауға да хақым бар! Осы хатты таратыңыздар, басшыға жетіп күллі қазақтан
кешірім сұрасын! Қызметкерлерінің надан, сауатсыз шешімін түсіндірсін! Тез арада мәселені шешсін. Асыл домбыра бұдан былай әуе компаниялар тарабынан қорланбасын! -деп жазды Айшолпан Тлеутай 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aisholpan.Tleytai (@tleutai.aisholpan)

Сонымен қатар ақын қыз әнші Алтынай Жорабаевамен Президент Тоқаевқа видео үндеу жолдағандары белгілі болды .

Құрметті Президентіміз ,Қасым-Жомарт Кемелұлы !
Қазақтың домбырасына қорған болуыңызды сұраймыз !
Қазақтың домбырасы неге талан-таражға түсіп кетті?
Біресе ХАРАМ!
БІРЕСЕ қол жүкке жатпайды ! 

FlyArystan әуекомпаниясына неге ешкімнің сөзі өтпейді?! Басқа әуекомпаниялармен әртістеріміз, домбырасымен ешқандай проблемасыз ұшып жүре береді ғой . Бұл FlyArystan қайдан шыққан “дәу” ?
Заңдарын қарасаңыз сұмдық енді😨
Қаншама адам “ қойшы , шулатпай-ақ , заңға бағынып жүре берейікші, заң бәрімізге бірдей “ деп миға симайтын заңға бағынып жүр ! Бірақ домбыраға келгенде, ол заңды ұстану мүмкін емес!
Себебі, Айшолпанның @tleutai.aisholpan өзінің 2 домбырасы багажға өткізгенде, сынып келген . Басқа да біраз әртістермен осы проблемалар болған . Ал үлкен сахнада жүрген әртістердің домбырасының құны 500 000 тенгеден жоғары тұрады . Ал , жүкке өткізіп, сынған домбыраны ешкім қалпына келтіріп берген жоқ екен. Оны әуекомпанияға айтсаң , Аэропорт қызметкерлеріне сілтейді. Олар компанияларға сілтейді. Екі аяқты тоздырған соң, “ қойшы” деп қол сілтейді.
Амал қалмаған соң , сізге осылай айтуға мәжбүр болып, айтып отырмыз — деп  жазды  әнші  Алтынай Жорабаева   

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)