АЛТЫНОРДА
Қазақстан жаңалықтары

Германияға көшкен қазақстандық дәрігерлер отбасының табысы 10 есе артқан

Қазақстаннан Германияға қоныс аударған медицина қызметкерлері шетелдегі табысы мен тұрмыс жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қаламқас Тұрдалы мен оның жолдасы 2023 жылдан бері Германияда тұрып, медицина саласында еңбек етіп келеді. Олардың шетелге көшуіне Қазақстандағы жалақының төмендігі себеп болған.

Германияда жұмысқа орналасу үшін ерлі-зайыптылар неміс тілін меңгеріп, дипломдарын растап, қажетті емтихандарды тапсырған. Бұл үдеріске шамамен үш жыл уақыт кеткен.

Қазір Қаламқас Германиядағы медициналық мекеменің сапаны бақылау бөлімінде жұмыс істейді. Оның айлық табысы шамамен 4 440 еуро немесе 2,24 миллион теңге. Айтуынша, бұл Қазақстандағы бұрынғы жалақысынан бірнеше есе жоғары.

Отбасы ай сайын баспана мен коммуналдық қызметке 1 400 еуро, азық-түлікке 400 еуро жұмсайды. Ал балалардың мектепте білім алуы тегін.

Қаламқастың айтуынша, Германияда медицина қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланады, ал ауылдық жерлердегі ауруханалар да жақсы жабдықталған.

Дегенмен отбасы Германияда біржола қалуды жоспарламайды. Олар алдағы уақытта Қазақстанға оралып, шетелде жинаған білімі мен тәжірибесін отандық медицинаны дамытуға жұмсауды көздеп отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қаламқас Тұрдалы | Германиядағы өмір 🇩🇪 (@kammalife.de)