Иманғали ма әлде Иванғали ма?

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Батыс елдерінің Украинаға қару-жарақ жеткізуі қақтығысты келіссөздер арқылы тоқтату мүмкіндігін азайтатынын мәлімдеді, деп хабарлады Oinet.kz тілшісі ресейлік РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

«Украинадағы жағдайдың одан әрі шиеленісуі жалғасуда. Ұрыс аймағына қару-жарақтың көбірек өлімге әкелетін түрлерін жаппай жеткізу келіссөздер арқылы текетіресті тоқтату перспективасын іс жүзінде жоққа шығарады», — деді Тасмағамбетов ұйымның кеңейтілген кеңестің ашық отырысында.

Ол қақтығыстарды қоздыру бүкіл еуропалық және жаһандық қауіпсіздік жүйесіне зиян келтіруі мүмкін деп санайды.  ҰҚШҰ хатшылығының хабарлауынша, отырыстың жабық бөлігінде Тасмағамбетов НАТО-ның Балтық жағалауы елдерінде, Польшада және Қара теңіз аймағындағы әскери әлеуетінің «бұрын-соңды болмағанын» атап өтіпті. Жалпы Украинадағы соғыс әлем елдерін екіге бөліп отыр. Мұны соңы жаһандық соғысқа ұласуы әбден мүмкін. Белгілі саясаткер, оппозиционер Болат Әбілов Тасмағамбетовтың жоғарыдағы мәлімдемелерін қатаң сынға алды. Оның айтуынша Кремльдің шашбауын көтеріп жүрген Иманғалиді соңғы кездері халық Иванғали деп айта бастаған. Оның ойынша, Қазақстан қиын шешім болса да Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығып кетуі тиіс. Бұдан кейін қорғаныс саласын нығайту үшін Түркі елдерімен жақындасуы тиіс. Алайда мұның бәрі де дәл қазіргі алмағайып заманда айтуға ғана оңай.  Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы лауазымына жыл басында кіріскен болатын.  

oinet.kz