Иран АҚШ әскерін өңірден шығаруға шақырды

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-ты аймақтағы әскери күштерін тезірек шығаруға шақырды, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.

Иран тарапының мәлімдеуінше, шетелдік әскери күштердің өңірде болуы қауіпсіздікке емес, керісінше тұрақсыздықтың күшеюіне әкеледі.

Тегеран Вашингтонның әскери қатысуы Таяу Шығыстағы шиеленісті арттырып, аймақ елдерінің ішкі ісіне араласу қаупін күшейтетінін алға тартты.

Иран СІМ өкілдері өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін сыртқы күштердің қатысуынсыз, аймақ мемлекеттерінің өзара келісімі арқылы шешу қажет екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары мен күштері бұған дейін де Иран тарапынан бірнеше рет сынға алынған.

ТегтерАҚШИран