Қадыровтың 24 жастағы қызы Шешенстан премьер-министрінің орынбасары болады
Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы Айшат Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалады деп хабарлайды Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып
Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында 2 қазанда үкімет отырысын өткізгенін хабарлады. Ол премьер-министр Муслим Хучиев пен Шешенстан Республикасы Парламентінің төрағасы Магомед Даудовтың баяндамаларын тыңдады.
«Кездесу барысында Мүслім Магомедұлы Шешенстан Республикасының Мәдениет министрі қызметін атқарған Айшат Қадырованы Шешен Республикасы Үкіметі төрағасының әлеуметтік блок бойынша орынбасары қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасады. Мен Мүслім Хучиевтің ұсынысын қолдадым. Себебі Айшат Қадырованың облыстық Мәдениет министрлігінің жұмысын жақсартуға қосқан үлесі, жинақталған жұмыс тәжірибесі мол», — деп жазды Қадыров.
Айта кетейік, Айшат Рамзанқызы Қадырова 1998 жылы 31 желтоқсанда Шешен Республикасы, Курчалоев ауданы, Центорой ауылында дүниеге келген. Шешен мемлекеттік университетін бітірген, 2016 жылдан бері Firdaws сән үйінің директоры, 2021 жылдың қазанында Шешенстанның Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды.