Ашық деректерге қарасақ, клубқа жыл сайын жүздеген миллион теңге бөлінеді. Бұл ақша Алматы қаласының бюджеті, яғни салық төлеушілердің қаржысы деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Клубтың иесі — кәсіпкер Қайрат Боранбаев. Сондықтан көп адамда заңды сұрақ туады:
жеке меншік футбол клубы неге бюджет есебінен қаржылануы керек?
Әкімдік бұл ақшаны:
-
балалар футболын дамытуға,
-
футбол академиясына,
-
қаланың атын шығаратын жобаларға
бөлеміз деп түсіндіреді.
Бірақ мәселе мынада:
қарапайым халық ақша нақты қайда жұмсалып жатқанын толық көрмейді.
Қанша бөлінді, не істелді, нәтижесі қандай — бұл жағы ашық айтылмайды.
Сондықтан сын айтушылардың пікірі қарапайым:
егер клуб жеке бизнес болса, онда ол демеушілер мен өз табысына өмір сүруі керек. Ал бюджет қаржысы барынша ашық, есеппен жұмсалуы тиіс.
Қысқасы, «Қайрат» — Алматының бренді. Бірақ сол брендке бөлінетін халық ақшасы қоғамға түсінікті әрі ашық болуы керек.

