Қайрат Нұрқаділов Рысбек Сәрсенбайға жол беріп, мәжіліс депутаттығынан өз кандидатурасын алып тастады

Қазақстандық оппозиция жетекшісі Заманбек Нұрқаділовтың ұлы Қайрат Нұрқаділов мәжіліс сайлауынан кандидатурасын алып тастады. Ол өзінің жолын Рысбек Сәрсенбайұлына беретінін мәлімдеген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ия, бұл мәлімдемем рас. Дүйсенбі күні Қонаевқа барып, арыз беремін», — деді Нұрқаділов.

Қайрат Нұрқаділов Алматы облысындағы №11 сайлау округі бойынша журналист, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбаймен бір жерден сайлауға түскен. Үміткерлердің мақсаттары мен бағдарламалары ұқсас. Осы себепті Нұрқаділов Сәрсенбайға жол беруді ұйғарған. 

Нұрқаділов бұған дейін әкесі Заманбек Нұрқаділовтің, ал Сәрсенбай бауыры Алтынбек Сәрсенбаевтың ісін жалғастыруды мақсат еткендерін айтқан.

Кіші Нұрқаділов сондай-ақ алдағы уақытта мүмкіндік болса тағы да сайлауға түсетінін атап өтті.