Қайрат» – «Реал Мадрид», матчынан Алматы қаласына қанша кіріс кіретіні белгілі болды

Әлемге әйгілі «Реал Мадрид» Алматыға келді. Команда УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында «Қайратқа» қарсы ойнайды. Iberia рейсі 28 қыркүйек түнгі 23:58-де әуежайға қонды. Ұшақты 22 мыңнан астам адам онлайн бақылаған Altyn-orda.kz
Мадридтік ұжымды мыңдаған жанкүйер домбыра үнімен, бауырсақпен қарсы алды. Роберто Карлос ұлттық тағамды ерекше ұнатты.
InterContinental қонақүйінің 277 бөлмесі түгел брондалған. Туризм басқармасы 4–5 мың шетелдік турист келіп, қалаға 7–9 млн доллар кіріс әкеледі деп күтуде.
30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» – «Реал» матчы Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға болмақ. Билеттер түгел сатылып кетті.
