Кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қайтыс болды

 

 

Кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қайтыс болды
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі okzhetpes.borovoe Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденімен марапатталды.

Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев — кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі.