Каспийде суға кеткен сарбаздардың саны 14-ке жетті

 

Іздестіру операциясы. Фото: t.me/modgovkz

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне кеткен әскери қызметшілерге қатысты іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

25 қыркүйек күні сағат 09:15 шамасында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.

Осылайша, Каспий теңізіне кеткен 17 әскери қызметшінің 14-і қаза тапты. Үш әскери қызметші аман қалды.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазақстанда 25 қыркүйек қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.