Қазақ қызы Жәмила Бақбергенова күрестен әлемдік рейтингте көш бастап, 5 мың долларға ие болды
Біріккен күрес әлемі (UWW) биылғы маусымың қорытындыын жариялап, күрес түрлернен әр салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақ балуандарының арасынан тізімге бір ғана балуан кірген, деп хабарлайды UWW ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жәмила Бақбергенова бұл маусымды сәтті өткізген. Ол 2022 жылы өткен 13 кездесуде жеңіске жетті. Бұл бәсекелердің қатарында Азия чемпинатының алтыны, әлем біріншілігінің күмісі және көптеген халықаралық турнирлердің жүлдесі бар. Бұл салмақтағы рейтингте екінші орынды америкалық Амит Элор, үшінші орында түркиялық Буса Тусон иеленді.
Әлемдік рейтингте көш бастағаны үшін Жәмила Бақбергеноваға 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпиоы. Оның сыңары Мадина да күреспен айналысады.