Қазақстан ЕҚЫҰ-да Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

1 желтоқсан, бейсенбіде Польшаның Лодзь қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы министрлер кеңесінің 29-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Укринформ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясын тоқтатуға шақырып, ол үшін «саяси ерік керек» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұйымға мүше барлық ел бірігіп, ЕҚЫҰ құндылықтарына адалдығын көрсетуі керек.

ЕҚЫҰ-ның Лодзьдегі министрлік отырысы алғаш рет Ресейдің қатысуынсыз өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Ресей террорына қарсы күресте көшбасшы болуға шақырды.