Қазақстан қайта қолма қол ақшаға көшуі мүмкін

Қазақстандықтар жыл басталғалы қолма-қол ақша іздеп әлек. Себебі дүкендер үшін электронды төлем қабылдау тиімсіз . Бұл туралы Информбюро бағдарламасында айтылды. 

Онлайн төлем жасап, еттері үйреніп қалған қазақстандықтар үшін жаңа жылдың басы қолма-қол ақша іздеумен басталып жатыр. Олар енді бір екі пәрменді теріп, аударым жасацдың орнына, банкомат немесе электронды төлем қабылдайтын дүкен іздеуге мәжбүр. Себебі тұтынушылардың айтуынша, мобильді аударымдардан бас тартқан кәсіпкерлердің табысы бұрынғыдай болмайды.

Мемлекеттік кірістер департаменті биылдан бастап кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары табысы туралы декларация тапсыратынын айтты. Бұл ақпаратты жасырып қалғысы келетін кәсіпкерлер мобильді аударымдардан бас тартып, тұтынушылардан қолма-қол ақша талап етеді. Мемелкеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Нұрлыбек Оспанов кәсіпкерлерге әсер етудің жолын айтты.

“Сіз құжаттарды растайтын міндетті қосымша арқылы өтініш бере аласыз. Ол e-otinosh немесе Wipon Cashback-тегі тегін қосымшалар арқылы жүзеге асады. Бастапқыда ескерту беріледі. Егер бұл жағдай бір жыл ішінде тағы да қайталанса саудагерлерге 20 АЕК – 73 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сайып келгенде,  тұтынушылардың өздері шешеді. Егер қазақстандықтар өз дегенін істейтін болса, кәсіпкерлердің ашық түрде жұмыс істеуіне тура келеді”, – дейді Нұрлыбек Оспанов.

Abai.kz