Қазақстан орташа жалақыны 600 мың теңгеге дейін арттырмақ

Қазақстан орташа жалақыны 600 мың теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр, бірақ инфляция өсімді жеп қоюы ықтимал, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сай, 2028 жылға қарай орташа айлық 604 963 теңгеге жетпек. Алайда инфляцияны ескергенде нақты өсім бар болғаны 3–7% шамасында ғана болады.
Сонымен қатар ең төменгі жалақы 85 мың теңгеде қалады, ал халықтың нақты табысы қазірдің өзінде төмендеп отыр. Инфляция 2025 жылғы 10–11%-дан 2028 жылы 5–7%-ға дейін баяулайды деп күтілуде.
Altyn-orda.kz
