Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды – Сыртқы істер министрі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған altyn-orda.kz
Мұхтар Тілеуберді жапондық NHK телеарнасына сұхбат берді.
«Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз, бірақ сонымен бірге республика экономикасын әртүрлі кәсіпорындар шектеу шараларын айналып өту үшін пайдаланбайды деген қағиданы ұстанамыз», – деді ол.
Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанды тығыз экономикалық қатынастар байланыстырады. Ол Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізеді деп түсіндірді.
Қазақстан Мәскеумен де, Киевпен де достық қарым-қатынаста екенін еске салды.
«Ресей мен Украина – Қазақстанның сонау тарихтан бері достары. Президент Тоқаев екі елдің көшбасшыларымен үнемі байланыста болып, олардың өзара бейбітшілікке келуіне шақырады», – деп атап өтті министр.