«Күйеуін аяймын»: Мәдина Сәдуақасова тойда басқа жігітпен көзге түсті (ВИДЕО)

Соңғы кезде тек жұртты шулатумен жүрген өнер жұлдызының басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде танымал әнші Мәдина Сәдуақасова мен асаба Фархад Балқыбекұлының видеосы тарады. Тойға қол ұстасып келген Мәдинаның бұл қылығы көп адамға ұнамай қалды.

«Осының күйеуін аяймын», «Әркімге жабысып жүреді екен, жай ғана қасында жүрсе болады ғой», «Әркімді бір қолтықтап жүреді», «Мынаны Сәкен көрмей қалды ма екен?», «Өзіне қалай назар аударарын білмей жүр», «Өз күйеуіңді ертіп жүрсейші», — деп шүйлікті пікір қалдырушылар.