АЛТЫНОРДА
Басты жаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

Қазақстан Samsung смартфондарын шығаруға ниетті

Қазақстан танымал смартфондарды шығаруға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде ол – республикадағы ең танымал телефон.

«Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр, Қазақстан нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд алып жатқанын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр», – деп мәлімдеді цифрлық министрліктің баспасөз қызметі.

Мәлімдеулерінше, бұл жобаға серіктес таба алады.

«Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар, елде смартфондарды бірлесіп шығаруға болады», – деп қосты ICRIAP.