Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетуде

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде шамамен $1,65 млн тұратын 5 000 тонна мазут жеткізді. Ресми тапсыру рәсімі Душанбе қаласында өтті. Қазақстанның елшісі Валихан Төреханов Тәжікстанның Мемлекеттік резервтер агенттігі басшылығына сертификатты табыстады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Фото: gov.kz

Бұл көмек – Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті және энергетикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның бастамаларының бір бөлігі. Жеткізу туралы шешім екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында қабылданғанын ҚР СІМ жанындағы KazAID агенттігінде атап өтті.

Соңғы бес жыл ішінде Астананың Душанбе қаласына көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі $21 млн-нан асты. Қазақстан өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі төмен серіктестеріне, әсіресе энергетика және азық-түлік салаларында тұрақты түрде донор болып келеді.

Экономикалық тиімділіктен бөлек, мұндай саясат Қазақстанның аймақтық күш орталығы ретіндегі саяси ұстанымын да нығайтады. Сыртқы саяси тұрақсыздық жағдайында Астана көршілеріне жүйелі қолдау көрсету арқылы «жұмсақ күшін» арттыруда.

Altyn-orda.kz