Қазақстанда хиджаб киюге рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтып отыр деп хабарлайды Тіл кеспек жоқ телеграмм каналына сілтеме жасаған  Altyn-orda.kz

Министр үкіметте өткен жиында журналистің «кейбір жекеменшік мектептердің діни киім киюге рұқсат беруі талаптарға сай келе ме?» деген сұрағына жауап берді.

«Бізде бірыңғай мектеп формасы бар. Барлық мектеп осы талаптарға сай болуы керек. Иә, мұндай жағдайлар кездеседі. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмыс істейді. Әкімдермен, әкімдіктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірге жұмыс істейтін үлкен комиссиямыз бар. Сондықтан қазір, оқу жылының басында, мұндай мектептер жоқ. Өткен жылы, соның ішінде жекеменшік мектептер арасында да, мұндай мектептер болған», — деді министр.

Ол мұндай талаптарды бұзған мектептердің лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін айтты.