Қазақстанда «никаб» киюге тиым салынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Altyn-orda.kz хабарлайды.
Медициналық бетперделерге, қорғаныс киіміне, ауа райына байланысты киімге және мәдени іс-шаралар кезіндегі ұлттық киімдерге қатысты ерекшеліктер қарастырылған.
Бұл шешім қоғамда түрлі пікір туғызды: бірі — бұл қадамды зайырлы мемлекетті нығайту жолындағы маңызды шара деп бағаласа, енді бірі — адамдардың құқығын шектеу деп санады.
Не себеп болды?
Ресми түсіндірмеде бұл шара қауіпсіздік пен тұлғаны сәйкестендіру мақсатында қабылданғаны айтылған. Бұл тыйым — зайырлы құндылықтарды нығайтып, қоғамдық кеңістіктегі діни атрибуттардан бас тарту саясатының бір бөлігі.
Қазақстан бұл ретте Өзбекстан мен Тәжікстаннан кейін осы заңды қабылдаған мемлекет болып табылады . Бұл елдерде билік азаматтардың сыртқы келбетіне қатаң бақылау жасап, діни емес, ұлттық сипат басым болуы керек деген ұстанымда.
Шекара қайда?
Бұл шешім еркіндік пен ереженің, жеке сенім мен қоғамдық болмыс арасындағы шекара туралы сұрақты қайта көтерді. Бет жабуға тыйым — жай ғана маскаға қатысты емес. Бұл — біздің кім екеніміз және мемлекеттің өз азаматын қандай кейіпте көргісі келетіні жөніндегі таңдау.
Altyn-orda.kz
