Қазақстанда темекі тағы қымбаттайды: Қаржы министрлігі ең төменгі бағаларды көтерді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағаларын тағы да көтеруді ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Баға өсімі мына өнімдерге қатысты болады:

  • сүзгісі бар және сүзгісіз сигареттер,

  • папиростар,

  • сигаралар ,

  • қыздырылатын темекі өнімдері (оның ішінде IQOS және ұқсас құрылғыларға арналған стиктер).

Министрлік бұл өзгерістер «темекі бұйымдарына қатысты салықтық және баға саясатын теңгерімді жүргізу» мақсатында жасалып отырғанын түсіндірді.

«Жоба темекі өнімдерінің негізгі түрлерінің барлығына ең төменгі бөлшек бағаны арттыруды көздейді», — делінген құжатта.

Құжатты қоғамдық талқылау 2025 жылғы 19 маусымға дейін жалғасады. Осыдан кейін жоба жақын апталарда бекітілуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерілген болатын.

Altyn-orda.kz