Қазақ киносы тарихындағы ерекше оқиғалардың бірі 1992 жылы болды. Сол жылы режиссер Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі» фильмі Қазақстан атынан алғаш рет «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Фильм «Оскардың» негізгі номинанттары қатарына өте алмаса да, бұл қазақ киносы үшін үлкен жетістік еді. Өйткені отандық кино әлемдік деңгейдегі беделді байқауға алғаш рет жол тартты.
Картинада ежелгі Отырар қаласының қайғылы тағдыры, Шыңғыс хан әскерінің шапқыншылығы және туған жерін қорғаған халықтың күресі баяндалады.
Арада 32 жыл өткен соң фильм қайта жаңғырды. Оның сапасы жақсартылып, 4K форматындағы нұсқасы Нью-Йорк кинофестивалінде көрсетілді. Осылайша, қазақ киносының тарихи туындысы шетелдік көрерменге қайта жол тартты.
«Отырардың күйреуі» – жай ғана кино емес, халқымыздың тарихын, ерлігі мен рухын көрсететін құнды шығарма.
«Тәуелсіздік шежіресі. 35 жыл» айдарында қазақ киносының тарихындағы осындай маңызды оқиғаларды еске аламыз.
