Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

Боксшы Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Бакуде өткен кәсіби бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды    altyn-orda.kz                El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап .

Оның бұл жолғы қарсыласы – пәкістандық Рома Юсаф (5-1-1, 2 КО). Кездесу аса жеңіл салмақта өтіп, бірінші раундта Лукас қарсыласын нокаутқа жіберді. Негізі айқас сегіз раундқа есептелген еді.

Осылайша, қазақстандық WIBA нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағын алды. Бұл белбеуге Мұхаммед Әлидің қызы Лейла Әли, абсолютті әлем чемпионы Наталья Рагозина иелік еткен.

Лукас бұл туралы Instagram-да жазды.

Ассалаумағалейкум, Қазақстан! Сіздер ұйықтамай, видео мен жаңалық күтіп отырғандарыңызды білемін. Бәріңізді жақсы көремін және сіздерге жақсы жаңалық жеткізгім келеді. Бұл біздің қолымыздан келді! Бүгін мен екінші әлем чемпионы атағына қол жеткіздім. Мақсатым – абсолютті әлем чемпионы атану. Алға, Қазақстан! – деп жазды ол.

 

Лукас карьерасында алтыншы рет жеңіске жетсе, Юсаф бірінші рет жеңіліс тапты.