«Қазақтар енді қатынды да кредитке алатын болды» — журналист Самал Қабышева

Журналист Самал Қабышева елді елең еткізерлік жаңалықпен бөлісті. Журналиске жар таңдаймын деп жарға құлаған жігіт базынасын айтып, хат жолдады.  Қалың мал үшін несие алғанын айғақтаған азамат ақыр соңында опық деп, оңбай алданған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  
 
Бұл жайлы Самал Қабышева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
— Қазақтар қатынды да кредитке алатын болды! Масқара, қалың мал үшін кредит алып жатыр. Кеше кредитін жабамын деген отбасы баласын сатты, бүгін үйленемін дегендер қалың мал үшін кредит алды. Не заман болып кетті?! Халық қашанға дейін кредитке батып өмір сүруі керек? Құрметті Президент?!
 
Тұрмысқа шығамын деген қыз мұғалім болса, айтарға, жазарға сөзім жоқ… Міне Қазақстанның бүгінгі келбеті, — деп жазды ашынған автор.
 
Оқырмандар да қазір өздерін ешнәрсенің таңқалдырмайтынын жеткізді. Олар бұл жайтқа қатысты былай пікір білдіреді:
 
«Қатынды да несиеге алатын болған ба? Ақылға сыймайды ғой мына тірліктері»;
 
«Қазір таңғалатын дүние қалды ма? Баяғыдан бар дүние. Қарызданып, қауғаланып үйленеді»;
 
«Мәселе кредитте емес, барлық мемлекетте кредит бар. Барлық мемлекеттің халқы кредит алады. Мәселе біздің елдегі кредиттің пайызында болып тұр. Бізе пайыз өте жоғары. Қазақтар надандықтан кредит алмайды. Амалы жоқтықтан алады. Біз мәселені қазақтар не болса соған кредит алады деп емес, бізде кредиттің пайызы өте жоғары, соны төмендетіңдер, пайызды азайтыңдар деп мәселе көтерейік. халықтың шыныменде жағдайы жоқ. Кредит алмағанда қайтеді. Ешкім қарыз бермейды. Жаңа Қазақтарға айтыңдаршы пайызын төмендетсін»;