«Қазақтар қырылсын». Ұлтараздық тудырған Астана тұрғыны 4 жылға сотталды

Қазақтарды қорлап, бір бірін өлтіруге шақырған Астана тұрғыны Наталья Свиридова төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мынадай жаза кесті.
Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, — делінген ақпаратта.
Оқиға 7 тамызда болған. Наталья Свиридова TikTok парақшасында ұлт-араздық алауыздықты қоздыратын мәлімдеме жасап, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтірген.
