«Кенесарының басы жақын жерде тұр»: Жанат Бақыт өзін жынданып кетті дегендерге жауап берді

Танымал экс-журналист Жанат Бақыт тылсым да тосын ойларымен қоғамды дүр сілкіндірген еді. Бүгінде медиа маманы немен айналысып жүргенін және өмірінің қалай өзгергенін “TalkLike” подкастында айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Экс-журналистің айтуынша, қазіргі өмірі қалыпты және рухтармен сырласатынын жасырмады. 

“Мен 5 парызды ұстанбаймын, намаз оқымаймын. Намаздың мәнін түсіну керек. Оны оқып жүрген адамдардың көбі намаздың мәнін түсінбейді. Намаз — Құдаймен оңаша қалып сырласуың, ақтарылуың. Бірақ адамдардың 90%-ы оны парыз деп есептейді. Намаз оқымасам, күнәһәрға айналамын, исламнан шығып кетемін деген қоқынышпен оқиды. Бұл дұрыс емес. Сенің қазір Құдайға сеніп отыруыңның өзі намаз деп ойлаймын. Мен жынданып кетпедім. Ойым мен санам орнында”, — дейді ол.

Бұл — ғылым. Мен сіздер өмірге бір емес, бірнеше рет келесіздер деп, шындықты айттым. Рух біреу болғанымен, рухтың жаны бірнеше. Жан, тән, рух. Үшеуі үш бөлек нәрсе. Бұрын-соңды қоғам естімеген тақырыптар болғаннан кейін жылы жауып қоя салған оңай. Өздері ізденіп, жауапкершілікті мойындарына алғанға қарағанда Жанат жынданып кетті деп айта салған оңай болды. Себебі менің сөздерім олардың жанды жерлеріне тиіп кетті. Ізденгісі келмеген жалқаудың әңгімесі. Жолдасым да мені қолдап, нәзік әлеммен танысты. Өткен өмірі туралы сыр шертіп, тағдыр кітабын жапты», — дейді экс-журналист. 

Сонымен қатар Кенесары ханның басына қатысты қауесетке де нүкте қойды. 

“Бізге Кенесары ханның басы оңай жерде деп көрсетіп тұр. Бірақ әзірге жоспар бойынша табылмауы керек деді. Егер ол табылса, халық бірден “Жанат молодец” дейді. Мүмкін президенттің алдында отыратын шығарсың, ал мына жұмыстарды кім істейді деп жатыр. Сол үшін тарихты зерттеп, адамдар толық түсіну керек, жоспар бар деп тұр. Жерде Кенесарының туған-туыстары бар екен. Солар бізге келіп көптеген ақпараттар беріп жатыр», — дейді ол.

Еске салайық, журналист желідегі діни жазбалары үшін айыппұл төлеген еді.