«Қиын кезде қашып кетті»: Бекболат Тілеухан Түркиядағы қазақтарды жинады (ВИДЕО)
Белгілі әнші, Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан Түркияда жүрген қазақтармен дастархан басында кездесу өткізді, деп хабарлайды Экспресс К.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Бекболат Тілеухан мен айтыскер ақын Мұхамеджан дастархан басында Түркияда жүрген өнерлі азаматтармен жолыққан. Олардың арасында Айнұр Тұрсынбаева мен күйеуі Нұржан Иманәлиев және әнші Индира Расылхандарды байқауға болады.
Айтпақшы, Айнұр Тұрсынбаеваның егіз нәрестені ұстап тұрғаны, оған Бекболат Тілеуханның азан шақырып ат қойып жатқаны видеода анық көрінген.
Ал желі қолданушыларына олардың отырыстары ұнамаған. «Қашқын», «елді қиын кезде тастап кетті» деген айыптаулар көптеп жазылған.
«Қаралы қаңтарда елді тастап қашқандар», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Сақалды әбден қалыңдап кетіпті», «Қашқындар бас қосқан екен ғой», «Мықтылар емес, ақшасы көптер»,
— деген сарындағы пікірлер өте көп жазылған.