Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, ҰҚК органдарының ардагері полковник Қыстаубаев Болат Кукашұлы 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, ҰҚК органдарының ардагері полковник Қыстаубаев Болат Кукашұлы 85 жасқа қараған шағында өмірден озды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары,

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» РҚБ, «ҰҚК Сыртқа барлау ардагерлері» ҚБ әріптесіміз, ҰҚК отставкадағы полковнигі Болат Қыстаубаевтың қазасына байланысты отбасына, туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қыстаубаев Б.К. 1938 жылы 24 желтоқсанда шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Буран ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы педагогикалық институтында тарихшы, филолог мамандығы бойынша білім алды. 1966 жылы КСРО МҚК Жоғары қарсы барлау мектебін бітіргеннен кейін ҚазКСР МҚК орталық аппаратында жұмыс істеді. 1970 жылы КСРО МҚК Жоғары институтының барлау курсын бітіріп, Мәскеуде сыртқы барлау желісі бойынша үш жыл, одан кейін 1973-1977 жылдары ҚазКСР МҚК бөлімшелерінде барлау желісі бойынша қызмет атқарды. 1978 жылы қарсы барлау басқармасына басшылық қызметке тағайындалып, он жылдан астам осы бағытта жемісті еңбек етті. Болат Қыстаубаев «Ерлігі үшін», «КСРО Мемлекеттік шекарасын қорғаудағы еңбегі үшін» жауынгерлік наградаларымен және басқа 18 медальдармен, Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталған.

          Б.К.Қыстаубаев 1991 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де КГБ қоғамдық байланыстар орталығына басшылық жасап, МҚК органдарының қызметін насихаттады, әртүрлі тарихи кезеңдердегі жұмыстары туралы бірнеше деректі кітаптар жазды. ҚР ҰҚК Академиясында профессор болды, сыртқы қарсы барлау кафедрасын басқарды. Ізбасарларын жоғары кәсіби деңгейде жедел іс-шараларды дайындау, өткізу дағдыларына үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті.  Келер ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу жұмысына көп үлес қосты,

Біз әріптесіміздің жарқын бейнесін әрқашан жүрегімізде сақтаймыз.