Көшедегі асханалардың бірінде түстенген Қонаев әкімі желіде «жұлдызға» айналды (ВИДЕО)

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Мұқатаев көшедегі асханалардың бірінде түстеніп отырған жерінен видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкім туралы бейне ролик TikTok-та жарияланды. Видео сипаттамасында бұл теміржол вокзалы жанындағы асхана екені нақтыланады.
Видео астына 500-ден астам пікір қалдырылған:
— Әкім барып жүрсе, демек ол араның тамағы дәмді. Барып көру керек екен.
— Жарайсың, осыңнан таңба. Әкім деген осындай болу керек».
— Респект, тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ».
— Үлгі алыңдар.
Айта кетсек, Нұрлан Құсатаев қала әкімі болып 2020 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.
Айта кетсек, Нұрлан Құсатаев қала әкімі болып 2020 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.
