Қуандық Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды (онлайн-трансляция)

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы басталды.

Бұл туралы  Altyn-orda.kz              KAZ.NUR.KZ       ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 2024 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді деп хабарланған еді. Сот отырысы елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде өтіп жатыр. Онлайн-трансляцияны кез келген адам көре алады. 

Айта кетейік, 27 наурызда Астанада алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаев ісі бойынша ашық режимде басты сот отырысы болды. Сот отырысын онлайн-трансляция арқылы кез келген адамға көруге мүмкіндік берілді. Басты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын баяндады. Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.