«Құшағына баласын басқан ана». Кеген ауданында ерекше тас табылды

«Құшағына баласын басқан ана». Кеген ауданында ерекше тас табылды

Кеген ауданында ерекше тас табылды.

Алматы облысының «Қоғамдық даму орталығы» Instagram парақшаларына Кеген ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан XVII-XIX ғғ өмір сүрген осы күнге дейін сыры ашылмаған «Құмтекей» қалашығынан кездейсоқ табылған экспонат жайлы жариялаған.

«Құшағына баласын басқан ана» бейнесіндегі-тас,тылсым құпияға ие. Тасты кездейсоқ тапқан ауыл тұрғыны Оспанов Айбек Шавхатұлы Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейіне табыстаған. 

Музей қызметкерлері алдағы уақытта тасқа зерттеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Мүсін тастың биіктігі-38см, ені-35см, салмағы-26,9кг құрайды.