Қырғызстанның қазақ еліне жолдаған гуманитарлық көмегі Жамбыл облысына келіп жетті

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

«15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті. Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады», — делінген ТЖМ хабарламасында. Айта кетейік, 4 сәуірде Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілетінін мәлімдеген еді. «Жылу электр орталығында апат болған кезде біз ештеңе сұраған жоқпыз, бірақ көрші ел Қазақстан бізге гуманитарлық көмек жіберді. Біз де сұрамаса да, көмек жібереміз», — деген еді Жапаров парламент отырысында. Бүгін, яғни 6 сәуірде мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

 

kaz.nur.kz