«Қызуым көтеріліп, қатты ауырып қалдым»: Әли Оқапов даулы мәселе денсаулығына қалай әсер еткенін айтты

“Құрмет” орденімен марапатталып, кейін басы дауға қалған Әли Оқапов қазіргі жағдайы туралы жазып, болашақтағы жоспарын айтты  деп     хабарлайды   Altyn-orda.kz      Stan.kz ақпарат агенттігіне сілетеме жасай отырып 

Экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров “Рымбаеваның баласы болғаны үшін алды” деп жас әншіні сынап, атағымен келіспейтінін айтқан.

“Мен тағы видеоүндеу түсіруді ойладым, бірақ сериал болып кететінін біліп, ол райымнан қайттым. Жақында отандық youtube арнаға сұқбат беріп, сол жерде ойымды толық айттым. Енді қайтып қозғамауларыңды өтінемін. Қоңырау мен ұсыныс өте көп. Сондықтан аз уақытқа барлық желіден үзіліс алдым. Одан кейін бұл оқиға менің денсаулығыма әсер етіп, қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Әлі де аурудан құлан-таза айыққан жоқпын. Соның кесірінен үш келі салмақ тастадым. “Ұрысты тек қарттар бастайды” деген сөз рас екен”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ алдағы жоспарын да айтып өтті.

“Осы оқиға маған және менің жақындарыма қатты соққы болды. Сол үшін шетелге демалуға кетіп барамын. Қай жаққа баратынымды да шешіп қойдым. Әсіресе Зейінге пайдасы тиері анық. Балалар демалыста тез өсіп, дәрумендер ішеді. Үлкендерге демалыстың пайдасы – ойлануға мүмкіндік бар. Бірақ ештеңе ойламаған дұрыс. Маған жанашыр болған барлық жақыныма мың алғыс!”, – деп сөзін аяқтады. 

Айта кетейік, Әли Оқапов даулы мәселеден кейін өнер жолында алған барлық марапатын қайтарып, атағынан бас тартқанын жазған болатынбыз. 

 

Тағы да оқи аласыздар ;

Костенко шахтасындағы апат: Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті

Самат, Нұрсұлтан, Болат. Ағайынды Назарбаевтардың таяуда кездескені айтылып, суреті тарады