Костенко шахтасындағы апат: Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Костенко атында шахтада болған апаттан қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті. 2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем белгіленгенін хабарлаған еді.

kaz.nur.kz

Тағы да оқыңыздар 

Самат, Нұрсұлтан, Болат. Ағайынды Назарбаевтардың таяуда кездескені айтылып, суреті тарады

 

«Сол қыздың артын жинау – менің жауапкершілігімдегі іс болатын»: Ерке Есмаханның жеңгесі

Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы ит сыйлады