Лукашенко: ҰҚШҰ-ның ыдырауы Қазақстан үшін трагедия болады

Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ-ның ыдырауы Қазақстан үшін трагедия болады деп санайды. Бұл туралы ол ұйым мүшелерінің кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ыдыраса, бұл, ең алдымен, Беларусь пен Ресейден гөрі Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан үшін үлкен трагедия болады. Сондықтан осынау қиын-қыстау заманда жасаған дүниемізді жоймайық», — деді ол