Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанды
Ташкенте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан 54 келіде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arbat.media.
Финалға шыққан отандасымыз өзбекстандық Ойбек Жураевпен алтынды сарапқа салған болатын. Алайда Махмұд үшінші раундта өзбек боксшысын екі рет нокдаунға түсіріп, әлем біріншілігінің алтынына қол жеткізді.
Махмұд Сабыржан 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Биылғы біріншілікте ол барлық қарсыласынан бір саты жоғары болып, өз мүмкіндігін толық пайдалана алды.
Аталған жарыстың финалына Қазақстан құрамасының 5 боксшысы шыққан еді. Кеше 48 келіде Санжар Тәшкенбай чемпион атанса, 67 келіде Дулат Бекбауов күміс жүлдеге қол жеткізді.