«Маймақ аяқ!» Бұраңдап билеген Алтынай мен Қарақат елдің ашуына тиді

Әлеуметтік желідегі әр қадамы бірден халықтың сынына ұшырайтын Алтынай Жорабаеваның тағы бір қылығы жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшыраған әлгі видеода қазақ эстрадасындағы бір топ әйел — Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Гүлнұр Оразымбетова және Зарина Омарова бар. Олардың бөксесін бұлғаңдатып, жарыса билегенін аңғаруға болады. Бейнежазбаны Зарина Омарова өзінің жеке парақшасына жүктеген.

Бүгінгі концерт. Гримерка. Сұлу қыздармен бір би,

— деп жазды әнші.

Аталған видеоны көрген көпшілік бірден жағымсыз пікірлерін жазыпты. Өйткені оқырмандар Алтынай Жорабаева бастаған әнші әйелдердің бұраңдап билеген қылығын жақтыра қоймаған.

«Қатындар құтырды дейсің ғой», «Біреуі маймақ аяқ», «Тоқалдар өңкей», «Алтынайды көрсем, ұялып кетемін. Айнаға қарай ма екен?», «Кемпірлер жандыруда»,

— деп жазды желідегі жұрт.

Айта кетейік, бұл әншілердің бұған дейін де қазнетті талай мәрте шулатқанын жұрт жақсы біледі. Мәселен, Алтынай қыздарының көзінше екінші күйеуімен құшырлана сүйіссе, елдің көзінше шошаңдап билеген Қарақат Әбілдина мен Тұрсынбектің әйелі де халықтан оңбай сөз естіген еді.